• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шәміл Әбілтай: «Елбасы» күйін өртеп жібердім, Тоқаевтың үндеуінен соң жаңа күй шығардым

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
Шәміл Әбілтай: «Елбасы» күйін өртеп жібердім, Тоқаевтың үндеуінен соң жаңа күй шығардым
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Күйші Шәміл Әбілтай Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап «Елбасы» күйін шығарған. Алайда ол кісіге ренжігендіктен жақында күйді өртеп жібергенін айтады. Есесіне «Қаңтар қырғынынан» кейін Тоқаевқа арнап жаңа күй шығарған. Бұл туралы күйшінің өзі Malim.kz-ке берген сұхбатында айтты.

«Назарбаев тақта тұрғанда кетем деп ойламады. Патша елмен бірге бола ма деген үміт болды, бізде. Мынадай жағдайдан кейін күйдің киесіне қалмайын деп өртеп жібердім. Күй-қазақтың бойтұмары. Бұрын Гете мен Бетховен де Нопалеонға арнап шығарма жазған. Кейін қатты ренжіп, өкінген деседі. Менің де көңіл-күйім осындай», — деп мәлімдеді күйші.

Ол күйдің нотасына дейін өртеп, оны ойдан шығарып тастағанын айтады. Есесіне 7 қаңтардағы Тоқаевтың үндеуінен кейін жігерленіп, жаңа күй шығарғанын жеткізді.

«Қаңтар қаһарманы» деген күйім өлгендерге тағзым, тірі қалғандарға рух беру үшін шығарылды. Менен «Шәміл, неше күйің бар?» десе бір ғана күйім бар деуім мүмкін. Ол – «Қаңтар қаһарманы». Қасым-Жомарттың атасына «Тоқай тағдыры» деген күймен құлпытас қойдым. 30-жылдары ашаршылық құрбаны болған ғой. Оның моласы да жоқ. Аштан өлген 4 млн адамның бірі», — дейді күйші.

Бұдан бөлек, Шәміл Әбілтай «Жаңа Қазақстаннан» не күтетінін айтты.

«Жаңа саясатқа жаңа саяси реформа жасау керек, Конституцияны қайта жасау керек. Парламентті тарату керек. «Нұр Отан» партиясын жою керек. Сонда ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы нағыз батыр болып шығады. Бұрынғы жолмен жүре берсек, ештеңе де өзгермейді. Алдағы күндерден тек жақсылық қана күтемін. Бабаларымыз армандаған қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға жетеміз деп сеніп отырмын», — деді ол.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Антарктидада әлемдегі ең үлкен айсберг еріп жатыр

Антарктидада әлемдегі ең үлкен айсберг еріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандық оқушылар халықаралық «Туймаада» олимпиадасында 33 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар халықаралық «Туймаада» олимпиадасында 33 медаль жеңіп алды

2 года ago
«Миын улап жатыр»: Ақтау әкімі жалаңаш билеген африкалықтар видеосына пікір білдірді

«Миын улап жатыр»: Ақтау әкімі жалаңаш билеген африкалықтар видеосына пікір білдірді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In