«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мемлекеттік аудит органдарына банк құпиясын ашуға мемлекеттік қолдау алатын тұлғалардан келісім алу қағидаларын қабылдады. Бұл туралы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті хабарлады.
Тиісті ережелер 2022 жылдың 13 қаңтарында қабылданды.
«Бұл құжат Ұлттық қор мен республикалық бюджет қаражатын қоса алғанда, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығын арттыруға бағытталған», – деп хабарланды комитет.
Осы қағидаларға сәйкес, қор тобының компаниялары мен олардың контрагенттері мемлекеттік қолдау алған кезде мемлекеттік аудит органдарына банк құпияны ашуы тиіс. «Бұл «түпкілікті алушыға дейін» қағидаты бойынша жүргізілетін мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін бағалау сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді», – дейді есеп комитеті.
Бұған дейін осындай шешімдерді «Зерде» АҚ және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингтері де қабылдаған болатын.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтардағы үндеуінде «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларына қатысты шағымдар жиі түсетінін айтты. Осы орайда президент квазимемлекеттік секторды түбегейлі өзгертуді тапсырды.
«Егер оны реформалай алмасақ, ондай қордың біздің экономикамызда болмағаны дұрыс», – деді мемлекет басшысы Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде.