• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Astana LRT ісі: Іздеу салынған Ардан мен Сұлтанбековке елордаға келуге 24 сағат берілді

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Astana LRT ісі: Іздеу салынған Ардан мен Сұлтанбековке елордаға келуге 24 сағат берілді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нұр-Сұлтан қаласының Бас прокуратурасы Astana LRT ісі бойынша тергеу кезінде жиналған дәлелдемелер іздеудегі Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің әрекеттерін Қылмыстық кодекс баптары бойынша саралауға мүмкіндік бергенін хабарлады. Енді Ардан мен Сұлтанбеков Нұр-Сұлтан прокуратурасына келуге тиіс, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының ведомствоаралық тергеу-жедел тобы LRT, BRT/ITS «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.Т.Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Т.Н.Арданға және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Жиналған дәлелдемелер олардың әрекеттерін саралауға мүмкіндік берген:

Сұлтанбековтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 176-бабы (ұйымдасқан топ құрамында өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет жымқыру), Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы өзгертілген 235-бабы (бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және басқару) және қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 189-бабы (ұйымдасқан топ құрамында қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет жымқыру); Арданның әрекеті Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы өзгертілген 176-бабы (ұйымдасқан топ құрамында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет жымқыру), 262-бабы (Қызмет бабын пайдаланып ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) және қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 189-бабы (ұйымдасқан топ құрамында қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет жымқыру) бойынша сараланған.

Күдіктілердің Нұр-Сұлтан қаласына келулері қажет

Прокуратураның хабарлауынша, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 206-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шешім шығарылған кезден бастап 24 сағаттан кешіктірілмей жарияланады. Егер күдікті немесе оның қорғаушысы келмесе, қаулы 24 сағаттан кейін де жариялануы мүмкін. Сұлтанбеков пен Арданның Қазақстаннан тыс жерде болуына байланысты прокуратура саралау туралы хабарламаны БАҚ-та жариялап отыр. Қаулыларды жариялауға қатысу және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдіктілер Сұлтанбеков пен Ардан Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 31 мекенжайында оналасқан Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының әкімшілік ғимаратына келулері қажет. Ведомство күдіктілер өз қорғаушыларын шақыруға құқылы екенін немесе мемлекеттік орган қорғаушы беретінін жеткізді.

Келуіне кедергі келтіретін себеп болса, ескерту керек

Шақырту белгіленген уақытта келуіне кедергі келтіретін себептер болған жағдайда, сондай-ақ прокурордың немесе сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның, күдіктілердің немесе белгіленген тәртіпте олардың мүддесіне өкілдік ететін адамдардың қатысуы туралы өтінішхат беруге ниет білдірген жағдайда қылмыстық қудалау органына алдын ала хабарлау қажет», — делінген хабарламада.

Осы ретте прокуратура бұған дейін Сұлтанбеков пен Арданды 12 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасына жауап алуға шақырғанын, бірақ олар белгіленген уақытта келмегенін және келуге кедергі келтіретін себептер туралы хабарламағанын атап өтті. Еске сала кетсек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғат Ардан Түркияда, ал Қанат Сұлтанбеков АҚШ аумағында екенін анықтаған болатын.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ақтөбеде вакцина салдырған оқушылар мектепке бара алады

Ақтөбеде вакцина салдырған оқушылар мектепке бара алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қарашөкеев жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азаймай отырғанына алаңдаушылық білдірді

Қарашөкеев жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азаймай отырғанына алаңдаушылық білдірді

6 месяцев ago
Конкурсқа қатысып, грант иегері атанған жастар көп

Конкурсқа қатысып, грант иегері атанған жастар көп

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In