• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Қазақстанның жаңа премьер-министрі Әлихан Смайылов жайлы не білеміз?

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Қазақстанның жаңа премьер-министрі Әлихан Смайылов жайлы не білеміз?
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда наразылықтар басталғаннан кейін Асқар Маминнің үкіметі отставкаға кеткені белгілі. Осы орайда бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет құрамын ұсынды. 2022 жылдың 11 қаңтарында президенттің ұсынылуымен және 89 депутаттың қолдауымен Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды. Жаңа премьер-министр жайлы не білеміз? Бүгінде 50 жастағы саясаткер мансабын қалай бастады? Осы және өзге де деректерді Stan.kz тілшісі ұсынады.

Әлихан Смайылов 1972 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Отбасылы, бес баланың әкесі.

Оның екі жоғары білімі бар, бірі – математика саласында (Қолданбалы математика), бірі экономика мен мемлекеттік басқару саласында.

Атап айтсақ, 1994 жылы шенеунік Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, ал 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі берілді.

Әлихан Смайылов 50 жаста, әр жылдары Статистика агенттігін басқарған, экс президент Назарбаевтың көмекшісі болған. 2018 жылдан бастап Қаржы министрі болды, бір жылдан кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары сияқты қызметтермен ел алдында белгілі. Бұл қызметте ол қаңтар айының басына дейін жұмыс істеді.

Саясаткер мансабы

Еңбек жолын Әлихан Смайылов 1993 жылы “А-Инвест” инвестициялық-жекешелендіру қорында бастаған. 1995–1996 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінің сауда және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен. Еңбек жолында ол тіпті Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің стажері болып та көрген.

Бұған дейін Әлихан Смайыловтың қызметінде министрлікті басқару тәжірибесі бар екенін де атап өткен жөн. Атап айтқанда, 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін ол қаржы министрі болған.

Оған дейін бірқатар жоғары лауазымды қызметтерде жүрген премьер-министр 1999–2003 жылдар арасында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы болса, 2003–2006 жылдары қос бірдей екі қызметте: ҚР сыртқы істер вице-министрі қызметін және «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Ол 2006–2009 жылдары үш жыл бойы ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті болды. Сондай-ақ, 2009–2014 жылдары ҚР Статистика агенттігінің төрағасы, 2014–2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Смайыловтың тағайындалу кезіндегі уәдесі

Тағайындалу барысында Әлихан Смайылов депутаттарға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, Үкімет макроэкономикалық бағдарламаны іске асыратынын, инфляцияны тежеу үшін қадамдар жасайтынын мәлімдеді.

«Маған үлкен сенім артқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл – мен үшін зор жауапкершілік. Қазіргі кезде Мемлекет басшысының жетекшілігімен елдің егемендігі мен Ұлттық қауіпсіздігін, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға бағытталған өзгерістер жүзеге асып жатыр. Азаматтардың заңды талаптары ескеріліп, іске асырылады», –  деді ол.

“Әлеуметтік желіге уақыт жоқ”

Осыған дейін Әлихан Смайыловтың Tengrinews.kz басылымына берген сұхбатында ол әлеуметтік желіге мүлдем уақыты жоқ екенін айтқан еді.

”Мемлекет басшысы ашық болу керектігін, шенеуніктер әлеуметтік желі жүргізу қажеттігін айтқан еді. Жақын арада ашатын шығармын. Бірақ менде бұл тұрғыда мүлде тәжірибе жоқ. Алайда көп уақытта алатынын білемін. Президент бұған уақыт тапса, біз де уақыт табуға міндеттіміз”, – деген еді ол.

“Үкіметтегі әріптестеріммен футбол ойнаймын”

Әлихан Смайылов осыған дейін футболға қызығушылығы бар екенін айтқан.

“Қаржы министрлігіндегі әріптестеріммен футбол ойнаймын, олар спортпен шұғылданатын жас жігіттер. Жеңіс Қасымбек пен Тимур Сүлейменов те көрші алаңда ойнайды. Бірақ олармен уақыт жағынан келісу мүмкін емес”, – деген еді ол.

Айта кетейік, Әлихан Смайыловтың мемлекеттік наградалары ішінде «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Конституцияға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Азамат Мұсағалиев: Мен ешқашан Қазақстанда тұрмасам да, Қазақстанның менімен өмір сүріп келгенін түсіндім

Азамат Мұсағалиев: Мен ешқашан Қазақстанда тұрмасам да, Қазақстанның менімен өмір сүріп келгенін түсіндім

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

1 год ago
Әрекетсіз жеке кәсіпкерлерге банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жолдануда

Әрекетсіз жеке кәсіпкерлерге банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жолдануда

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In