• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Айдос Сарым: Президент 180 күнді белгіледі, осы уақыт ішінде жағдайды біржақты қылу керек

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Айдос Сарым: Президент 180 күнді белгіледі, осы уақыт ішінде жағдайды біржақты қылу керек
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым елдегі қазіргі жағдай, Президент мәлімдемесі мен Үкімет отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Газ бағасының қымбаттауына қатысты халықтың талабы орынды деп ойлаймын. Жалпы елде экономикалық шешім қабылдар кезде, оның әлеуметтік-саяси тұсын да ұмытпаған жөн. Халық тағдыры мен мүддесіне қатысты заң, реформа немесе шешім қабылдар алдында жұртты хабардар еткен дұрыс. Яғни біз жоспар құрып, шешім қабылдаған кезде алдымен адамның мүддесін ескеруіміз қажет. Сосын халық үшін іске асып жатқаны шараны артық-кем тұсын саралап, апробациядан өткізу керек. Тағы бір маңызды дүние, болып және болайын деп жатқан жайт туралы халықты жан-жақты ақпараттандыру маңызды», — деді Айдос Сарым.

Оның айтуынша, енді жасақталатын Үкімет жоғары айтылған жайттарды назарға алған жөн. «Бүгін Мемлекет басшысы қозғаған тағы бір маңызды мәселе жеке тұлғалардың өзін банкрот деп жариялай алуы. Өмірде түрлі жағдай болып жатады, адамдар қарызға батып жатады немесе несиесін уақытылы төлей алмауы мүмкін. Сондай жағдайда тек заңды тұлғалар емес жеке тұлғалар да өзін банкрот деп танып, жеке мәселені шешудің бір жолы. Және бұл біраз елдерде бар практика. Коммуналдық тарифтердің бағасы да уақытылы көтеріліп отыр. Себебі оның салмағы баяғы халықтың қалтасына түседі. Және Президент 180 күнді белгілеп отыр, яғни осы уақыттың ішінде жағдайды біржақты қылу керек. Бұл Үкіметке жүктелетін міндет», — дейді ол. Одан бөлек, халық қалаулысы Үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты өз ойын білдірді.

«Өз басым Премьер-Министр дұрыс шешім қабылдады деп есептеймін. Үкімет басшысының жауапкершілікті өз мойнына алып, отставкаға кетуі заңды әрі азаматтық шешім деп ойлаймын. Бүгінде Үкіметтің жаңа құрамын жасақтауға кірісіп жатыр, жуырда фракция отырысы өтеді», — деді А. Сарым.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты құқық қорғау органдары әлеуметтік желіде тарап жатқан түрлі ақпараттар мен видеоларға сараптама жүргізу керектігін айтты. «Арандатушылықтан аулақ болу керек. Яғни халықты шатастыруға жол бермеу қажет. Ел ішінде іріткі салмау үшін желіде тарап жатқан ақпараттарды саралаған жөн. Тек ресми деректерге сүйеніп, фейк ақпараттардан аулақ болғанымыз дұрыс», — деді ол.

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізіп, қазіргі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған ең алдымен атқарылатын шаралар туралы баяндады.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктерге шабуыл жасалды -ІІМ

Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктерге шабуыл жасалды -ІІМ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алматы кеденінде дәрі-дәрмек контрабандасының партиясы тәркіленді

Алматы кеденінде дәрі-дәрмек контрабандасының партиясы тәркіленді

2 года ago
Жамбыл облысында анасының салғырттығы салдарынан 4 жасар баланың басы көліктердің арасына қысылып қалды

Жамбыл облысында анасының салғырттығы салдарынан 4 жасар баланың басы көліктердің арасына қысылып қалды

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In