«Отбасы банкі» жаңа мәртебеге ие болады. Ол Ұлттық даму институтына айналады. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның негізінде Тұрғын үй орталығы құрылады. Орталық өкілдері баспанаға мұқтаж барлық қазақстандықтардың есебін жүргізетін болады.
Сондай-ақ оған кезекке тұру күніне тұрғын үй алаңын бөлу функциясы жүктеледі. Айдар Арифхановтың айтуынша, орталықтың базасы мемлекеттік жүйелермен интеграциялануда. Сонымен қатар келесі жылдың бірінші тоқсанында шағын қалалар тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз, сыйақы мөлшерлемесі 2-5 пайыз болатын жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірленеді деп күтілуде.