Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте «омикрон» штамы қашан пайда болады деген сұраққа жауап берді.
«Бұл сұраққа, әрине, жауап беру мүмкін емес. Келетіні анық. Бірақ, қай уақытта екенін білмейміз. Біз дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған деректерді ғана пайдаланамыз. «Омикронды» болжайтын ресми деректер жоқ», — деді ол. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгінде қала бойынша омикрон штамына мониторинг жүргізіп жатыр. «Мысалы 3 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға 53 сынама жібердік. Ондағы мақсатымыз — сол сынамаларда омикрон штамы бар-жоғын анықтау. Нәтижесі екі-үш күнде дайын болуы керек. Сондықтан омикрон біздің елімізде анықталғанын немесе анықталмағанын айту ерте. 3 желтоқсаннан бері зерттеуде тұр», — дейді қаланың бас санитар дәрігері.