• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Алматыда жекеменшік балабақшалар мемлекет меншігіне қайтарылады

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Алматыда жекеменшік балабақшалар мемлекет меншігіне қайтарылады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматыда орын тапшылығын шешу үшін жекеменшік балабақшалар мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің сөзінше, Алматыда мектепке дейінгі мекемелерге қажеттілік бар. Сондықтан, жаңаларын салумен қатар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ғимараттарын қала меншігіне қайтару жүргізілуде.

«Бұл ғимараттарды жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімдік жеке кәсіпкерлермен шарттарды ұзартпайды. Кейіннен осы объектілерде мемлекеттік балабақшалар ашылатын болады. Айта кетсек, қазіргі уақытта көптеген нысандар қанағаттанарлықсыз жағдайда, жобалық қуаттылықты арттыру және сейсмикалық күшейту арқылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Орын санын 1200-ден 1800-ге дейін арттыру көзделіп отыр», — деді Ілияс Өсеров.

Сондай-ақ, әкім орынбасарының айтуынша, жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес Алматы бойынша үш балалар музыкалық мектебін — №1 (хор), Прокофьев атындағы №3 және №11 жеке секторға беру жоспарланған. Алайда, балаларды мектептен тыс тегін, оның ішінде музыкалық біліммен барынша қамтуға байланысты бұл мектептер жекешелендірілетіндер тізімінен шығарылды.

Бұл ретте жекешелендірілетін объектілер тізбесінен үш стратегиялық кәсіпорынды – «Алматыэлектротранс» ЖШС, «ЭкоАлматы» ЖШС және ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК алып тастау жұмысы жүріп жатыр. «Сонымен қатар, Алматы темір жол ауруханасының медициналық қызмет бейінін одан әрі сақтай отырып, мемлекеттік меншікте сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша, 2018 жылы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бұл аурухананы осы компанияға үш жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берді. 2021 жылы сенімгерлік басқару шартымен бірге бұл нысан коммуналдық меншікке қабылданды. Қазіргі кезде сенімгерлік басқару мерзімі аяқталды»,- дейді ол.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
2022 жылы 5 миллион қазақстандық азаматтың табысы өседі: Тоқаев заңға қол қойды

2022 жылы 5 миллион қазақстандық азаматтың табысы өседі: Тоқаев заңға қол қойды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда 1,1 млрд теңгеге орындалған жұмыстардың  50 пайызы «далаға кетті»

Жамбылда 1,1 млрд теңгеге орындалған жұмыстардың 50 пайызы «далаға кетті»

1 год ago
Абылай Мырзахметов Атамекен ҰКП басқарма төрағалығынан бас тартты

Абылай Мырзахметов Атамекен ҰКП басқарма төрағалығынан бас тартты

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In