• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

Елордада «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш бала дүниеге келді

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
Елордада «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш бала дүниеге келді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Салмағы 3 550 г және бойы 58 см, дені сау бала елорданың №2 Көпбейінді қалалық ауруханасының акушерлік блогында дүниеге келді, деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғыны (өтініші бойынша аты-жөні көрсетілмейді) алғашқылардың бірі болып «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ жүргізуге квота алды. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінді. «Аңсаған сәби» жаңа бағдарламасы туралы естігенде күйеуім екеуміз бағымызды сынап, қатысу туралы шешім қабылдадық. Алдымен өз емханамызға барып, қажетті құжаттарды тапсырдық. Бала – өмірдің мәні. Өкінішке қарай, ұзақ уақыттан бері бала сүйе алмай жүрдік», — дейді бақытты ана.

Тексеруден кейін жүргізілген консервативтік терапияның әсерінің жоқтығын ескере отырып, ерлі-зайыптылар дәрігерлік консилиумның шешімі бойынша МӘМС шеңберінде ЭКҰ рәсімін жүргізу үшін кезекке қосылды.

«Желтоқсан айында денсаулық сақтау басқармасы жұмыс комиссиясының мақұлдауын алып, №272 бұйрықтың критерийлеріне сәйкестігін ескеріп, МӘМС шеңберінде ЭКҰ өту үшін квота алды. Пациент ЭКҰ жасау үшін Алматы қаласындағы Репродуктивті медицина институтын таңдап, 12 аптаға дейін дер кезінде есепке тұрды, ары қарай ауруханамыздағы дәрігерлердің барлық ұсынысын ұстанды», — дейді акушер-гинеколог Алуа Мансұрова.

Бүкіл прегравидарлық кезең және ЭКҰ рәсімі алдындағы дайындық, жүктілікті бақылау және босанудың өзі Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді ауруханасының қабырғасында өтті. Сәбидің анасы «Аңсаған сәби» бағдарламасы ата-ана бақытын сыйлағанын айрықша атап өтті.

«Бұл бағдарлама балалы болғысы келетін ерлі-зайыптылар үшін үлкен мүмкіндік. Бұрын біз ақылы негізде ЭКҰ жасадық, бірақ бәрі сәтсіз аяқталған. Бұл жолы да үмітіміз орындалмайды деп қатты алаңдап едік, бақытымызға қарай ата-ана атанып отырмыз. Бізді жүктілікке дейін және жүктілік кезінде басы-қасымызда болған дәрігерлерге алғысым шексіз. Аурухананың барлық медқызметкеріне рақмет айтқым келеді. Біз бақыттымыз!» — деп қуанышын бөлісті.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласына 487 квота бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 есе көп.

Ұзақ уақыт некеде тұрған көптеген елордалық МӘМС аясында ЭКҰ бағдарламасынан өту мүмкіндігіне ие болды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Алматыда жекеменшік балабақшалар мемлекет меншігіне қайтарылады

Алматыда жекеменшік балабақшалар мемлекет меншігіне қайтарылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Грант беру жағынан Қызылорда бірінші орында тұр

Грант беру жағынан Қызылорда бірінші орында тұр

7 месяцев ago
Жеңілдетілген автонесие келесі аптадан бастап берілуі мүмкін – министр

Жеңілдетілген автонесие келесі аптадан бастап берілуі мүмкін – министр

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In