• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Женевада Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Қасым-Жомарт Тоқаев Женевада Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен кездесті. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Пандемияға қарсы күрес, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша күш-жігер жұмылдыру мәселелеріне баса мән берілді. Президент Қазақстанда пандемияға қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ ДДСҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында коронавирустың жаңа штаммдарына бірлесіп қарсы тұру үшін басқа елдерге үндеу тастағанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы мультилатерализм жүйесінің негізі болып қала беретінін атап өтті. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап дүниежүзілік ұйымның қағидаттарына, мақсаттары мен міндеттеріне бейілді болды және солай бола береді. Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қарусыздануға және жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға елеулі үлес қосатынын және осы жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді.

Кездесуде Орталық Азиядағы ахуал, Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясын (UNAMA) Алматыда орналастыру мәселесі, Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның өңірлік орталығын өз аумағында құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы талқыланды. Әңгімелесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар, адам құқықтары мен бостандығы, гендерлік мәселелер сөз болды.

Татьяна Валовая Мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, еліміздің осы уақыт аралығында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2011-2013 жылдары өзі басқарған БҰҰ-ның Женева бөлімшесіндегі ұжымының ыстық сәлемін және ізгі тілектерін жеткізді.

Еске салайық, 28 қарашада Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ресми сапармен Швейцария конфедерациясына келді. Бүгін Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысымен кездесті, ДДСҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясына қатысты, сондай-ақ Инвестициялық дөңгелек үстел отырысына қатысты.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
1 желтоқсаннан бастап жазғы доңғалақты ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынады

1 желтоқсаннан бастап жазғы доңғалақты ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандағы жоғары оқу орындары 4 топ бойынша жіктеледі

Қазақстандағы жоғары оқу орындары 4 топ бойынша жіктеледі

3 года ago
«Жасыл» аймақта жалғыз Түркістан облысы ғана

«Жасыл» аймақта жалғыз Түркістан облысы ғана

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In