• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Ішімдік сатпайтын үлгілі ауыл

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Ішімдік сатпайтын үлгілі ауыл
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда да бұл ауылдың сүттей ұйыған берекесі кеткен жоқ. Нарықтың сан түрлі сынақтары келсе де мойымай, аудан экономикасының ілгері басуына өз үлестерін қосып келеді. Ауылдық округте үш елді мекен, онда 2912 тұрғын бар. Ауылда 4 мектеп, 1 дәрігерлік амбулатория, 3 медициналық пункт, Мәдениет үйі, 1 балабақша, 1 шағын орталық, 1 аула спорт клубы,1 мешіт,  1 балалар жасөспірімдер орталығы, пошта бөлімшесі мен клубтар тұрғындарға қызмет етеді. Ауылдық округте  47 шаруа  қожалық, 40160 уақ мал, 2760 ірі қара, 1330 жылқы, 350 бас түйе бар.

Биылғы жылы ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткені белгілі. Сол сайлауда аталған округ түрғындары осы кезге дейін ауылдық мәдениет үйінің басшысы қызметін атқарған Нұржан Мұхтаровқа бірауыздан дауыс беріп, сенім артқан болатын.  Нұржан Мұхтаров әкім болған күнінен бастап, іске бел шеше кірісіп кетті. Бұрыннан осы ауылда өскендіктен, округтің барлық жұмысы бұған таныс. Биыл қыс ұзарып кетіп, Ойық ауылында біраз мал шығыны болғаны да рас. Округтің жаңа әкімі алдымен қарапайым тұрғындардың қорасындағы малға жем-шөптің жеткілікті болуын назарға алды.  Осылайша 10  көмекке мұқтаж отбасына 48 рулон және 240 түк шөп тегін түсіріліп берілді.

Аталған сауапты іске «Орыс сәтек» шаруа қожалығының төрағасы Есімхан Жексенбаев, «Бейбіт» шаруа қожалығының төрағасы Болатжан Дуанбек, «Мұса» шаруа қожалығының  төрағасы Мұса Ахметов, «Береке» шаруа қожалығының  төрағасы Төленді Әлімханов,  «Шалқар» шаруа қожалығының төрағасы Жаңабек Шалқарбаев, «Бөрібай» шаруа қожалығының төрағасы Нұрғазы Ақылбаев сүбелі үлестерін қосыпты. Сондай-ақ, кәсіпкер Лесбек Жаншораев қандай іске де қол ұшын созуға дайын тұратын азамат көрінеді. Ал осы округтегі Болатбек Тілепбергенов деген жігіт ауласындағы 7 соттық жерін жылыжайға айналдырып, қиыр, қызанақ егіп, жылына 7-8 тонна таза өнім алып отырған еңбекқор азамат.

Бұл ішімдік сатпайтын үлгілі ауыл ретінде де ерекше. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Пана Рахманберді алдыңғы толқынды игі істерге жұмылдыруда аянып қалған емес. Төрағаға болысып, сауапты жұмыстарға, жастар тәрбиесіне ерекше үлес қосып жүрген Ділдәкүл Қабылбекова, Төкен Атамқұлов, Әшкен Мұсаев, Мырзатай Құранбеков, Бидаулет Жуасбаев, Балтабай Әлімбеков секілді қариялардың еңбегі де атап өтерлік.

–   Тұрғындар сенім артқан соң, үдеден шығу – міндет. Түрлі бағдарламалар мен  пилоттық жобаларды дамыту өзекті. 3 мыңға жуық тұрғындарға қызмет көрсету жеңіл емес. Ауыл жастарын жаңашыл істерге бағыттау, ауыл мектебі мен мекемелерін сапалы кадрлармен қамту күн тәртібіндегі маңызды іс. Бұл округ мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамытуға қолайлы. Суды үнемді пайдалану да назарымызда болады. Облыс әкімінің  «Асар» бастамасына да үлесімізді қосып отырмыз. Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек те үлкен қолдау білдіруде. Осы бағыттарда елге аянбай тер төге береміз, — дейді Ойық ауылдық округінің әкімі Нұржан Мұхтарұлы.

Tags: Ойық ауылы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Баламалы энергия — ел болашағы

Баламалы энергия - ел болашағы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Биыл Жамбыл облысында 11 тұрғын бруцеллезге шалдыққан

Биыл Жамбыл облысында 11 тұрғын бруцеллезге шалдыққан

4 года ago
Таразда 2000-ға жуық адамның қатысуымен нашақорлыққа қарсы акция өтті

Таразда 2000-ға жуық адамның қатысуымен нашақорлыққа қарсы акция өтті

11 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In