• RU
Суббота, 28 марта, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result

Ақтөбе облысында белгісіз мал ауруы тарап жатыр

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
Ақтөбе облысында белгісіз мал ауруы тарап жатыр

Ақтөбе облысы Алға ауданында малдан инфекциялық ауру анықталды. Қазіргі кезде қан сынамасы зертханаға жіберіліп, ринотрахеит диагнозы қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алға ауданы Бестамақ ауылында мал арасында белгісіз ауру анықталып, қан сынамасы зертханаға жіберілді. Онда ірі қара арасындағы инфекциялық ауру екені анықталды.

«Бұл ауа арқылы жұғатын инфекциялық ауру. Мұрнынан сілекей ағады. Қазіргі кезде бәрі қалыпқа келді. Өлім тіркелмеді. Алғашында 7, кейін 35 бас мал ауырды. Оларды оқшаулап, емдедік. Бірақ аусыл емес», — деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров.

Оның айтуынша, мал дәрігерлері ем-шара жүргізіп, дезинфекциялық жұмыс жасаған. Айта кетейік, Бестамақ ауылында мал ауруы қазан айынан бастап тіркелген. Ауыл тұрғыны Қалабай Көздібаевтің айтуынша, жайылымнан оралған мал ауырып, ем жүргізілген. Әзірге карантин жарияланған жоқ.

«Инфекциялық ринотрахеит Есет батыр, Бестамақ, Қатпар ауылдарынан басталды. Сынама қорытындысы алынды. Шынымен де инфекциялық ринотрахеит екені анықталды. Мал арасында жиі кездесетін ауру. Адамға зияны жоқ», — деді Алға ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Ермағамбетов.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Талғарда қардың үстіне асфальт төсеген: Видео желіні шулатты

Талғарда қардың үстіне асфальт төсеген: Видео желіні шулатты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика
  • About
  • Advertise
  • Careers
  • Contact

© 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

No Result
View All Result
  • Home

© 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In