• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

246 млн жұмсалған «Бөрте» қойылымы: Түркістан облысының әкімі шу болған қойылымға қатысты түсінік берді

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
246 млн жұмсалған «Бөрте» қойылымы: Түркістан облысының әкімі шу болған қойылымға қатысты түсінік берді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында қойылған қымбат спектакльге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысына «Бөрте» спектаклінің қойылымы үшін 246 миллион теңгенің жұмсалғаны тым қымбат емес пе деген сұрақ қойылды.

«Мен олай есептемеймін. Біз бүкіл құжаттарды тексердік. Онда артық ешнәрсе қарастырылмаған. Және бұл жаңадан құрылған театр екенін ескерсек, декорациялар да, костюмдер де, авторлардың, режиссердің қаламақысы да, әртістердің жалақысы да бар – осының барлығы тексеру нәтижесі көрсеткендей орынды жұмсалған», — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар ақпарат көздеріне сәйкес, тендерге театр директорының өзі де қатысқан. Неге мұндай жағдайға жол берілгендігін әкім ашып айтып бере алмады.

«Театрды қалалық мәдениет бөлімі қаржыландырады және тендерді өткізетін мемлекеттік басқару органы болып табылады. Мен қойылған сұрақты онша түсінбей отырмын», — деді ол.

Сұрақ қоюшы журналист өзге қалалардағы қойылымдар 4-5 млн теңгемен өтетіні жөнінде айтты.

«Мен 3-4 млн мөлшеріндегі қаржыға қалай спектакль қоюға болатындығын елестете алмаймын. Менің ойымша, бұл жаппай үлкен өндірістің бір түрі», — деді Шөкеев.

Ол сондай-ақ жетекші театрлар үшін 200 млн соманың үлкен ақша емес екендігін қосып өтті.

«Кеше бір сайттың гастрольге 32 миллион бөлінгені туралы жазғанын көзім шалып қалды. Театрды 2 күнге жалға беруді сұрап көрдім, әр күніне 8 млн теңгені сұрайды екен», — деді әкім.

Ол қойылымға кеткен шығындар бойынша тексеру жүргізілгенін, ешқандай заң бұзушылықтар анықталмағанын атап өтті.

«Егер ол жерде заң бұзушылықтар болса, тиісті органдар тексерсін. Жеке өзім ешқандай заңды басқан әрекетті көріп тұрған жоқпын», — деп түйіндеді Өмірзақ Шөкеев.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан қаласында тұсаукесері өткен “Бөрте” спектакліне жұмсалған қаражаттың көптігі жөнінде қоғамда шу шыққан болатын.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстан футбол федерациясы: Мемлекет қаржысынсыз ойын деңгейі түсіп кетеді

Қазақстан футбол федерациясы: Мемлекет қаржысынсыз ойын деңгейі түсіп кетеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жалақысы аз болғандықтан жас мамандар келмейді

Жалақысы аз болғандықтан жас мамандар келмейді

6 месяцев ago
Жамбылдық полицейлер көліктен ақша тонаған күдіктіні ұстады

Жамбылдық полицейлер көліктен ақша тонаған күдіктіні ұстады

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In