Ауыл ішілік ауыз су жүйелерін жүргізу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бөлінген 717 миллион теңгеге ауыз су желісі іске қосылды. Оны жүргізген мердігер компания – «Арайстроймаркет -2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Соның нәтижесінде ақбұлымдықтар таза ауыз суға қол жеткізіп, қуаныштары еселене түсті.
Жалпы алғанда Жамбыл ауданындағы 42 елді мекеннің 29-ында орталықтандырылған ауызсу жүйесі бар. Мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 2020 жылы Жасөркен, Қызылқайнар, Ақбұлым, Байтерек, Қаратау ауылына ауызсу құбыры тартылып, су тетіктері әр аулаға орналастырылса, Шоқай ауылындағы ауызсу биыл өз мәресіне жетті. Осылайша, 2019 жылы ауызсумен қамту үлесі ауданда 45,2%-ды құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 69%-ға жетті. Ал ағымдағы жылы үлес 71,4%-ды еңсеріп отыр.
Сондай-ақ Ақбұлым ауылының тұрғын үйлері түгелге жуық газ жүйесіне қосылған. Жалпы алғанда Жамбыл ауданында өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қаракемер, Рахат, Еңбек, Тастөбе, Ащыбұлақ ауылдарын «көгілдір отынмен» қамту үшін 725,2 млн теңге бөлініп, 6 299 тұрғынның 926 ауласына газ құбыры тартылды. Нәтижесінде газ құбыры тартылған елді мекен саны 32-ге, қамтылған аула саны 12 388 бірлікке, яғни 78 923 адамға жетті.