Сонымен қатар бұл ауылда 810 түрік, 180 орыс, 180 күрді, 42 азербайжан, 36 өзбек, 10 қырғыз және өзге де ұлт өкілдері тұрады. Бірақ, барша ұлт өкілдерінің татулығы жарасқан. Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ынтымақ, бірлікте, тату тірлікте еңбек етуде.
«Ауылымыздың бірлігі жарасқан. Мафис Латифов, Мұратәлі Төлебаев секілді ақсақалдар — жақсы істердің ұйытқысы. Ауыл зиялыларымен, ақсақалдарымен кеңесіп, ақылдасып отырамыз. Соның нәтижесінде барлық жағынан ауылымыздың экономикалық даму көрсеткіші жақсы» дейді округ әкімі Ердос Бейсенов.