• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазақстандықтар ашушаң болып кеткен: Мамандар себебін айтты

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Қазақстандықтар ашушаң болып кеткен: Мамандар себебін айтты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда вандализм деректері жиі тіркеле бастаған. Адамдар лифт ішіндегі қондырғыларды, қоқыс жәшіктерін, шағын архитектуралық мүсіндерді бұзып кетеді. Және мұндай жағдайлар көбейіп барады. Ал маман бұлардың барлығы адамдарда жиналған ашу мен ызаның салдарынан екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31» арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Жақында ғана лифт камерасына түсіп қалған видео әлеуметтік желіні шулатқан еді. Кабина ішіне кірген ер адам бар ашуын басқару панелінен алған. Ер адамға әкімшілік айыппұл салынды. Кейін  ол кешірім сұрап, өзінің бұл қылығын інісінің қазасымен байланысты екенін айтты.
«Алмалы ауданы тұрғындарынан 1 қарашадағы әрекетім үшін кешірім сұраймын. Келтірілген шығынды өтеуге дайынмын. Енді мұндай әрекет жасамауға уәде беремін», — деді ол видеода.

Бейне бақылау камералары көбейгелі осы тектес жағдайлар жиі тіркеле бастаған. Адамдар қоқыс жәшігі, автокөліктер, шағын архитектуралық мүсіндер мен ескерткіштерді және үйлер қабырғасын бүлдірген. Психологтар пандемиядан кейін вандалдар саны көбейгенін айтады.

«Біз көріп жүрген агрессия деректері – толып кеткен ыдыс. Мұнда өте көп жағымсыз нәрселер жиналған, енді олар төгіліп жатыр. Ал жағымсыз дегеніміз не нәрсе? Өз-өзіне деген көңілі толмау, өміріне, тұрмыстық жағдайына қанағаттанбау. Сол себепті қолда бар нәрсені сындыру арқылы агрессияны сыртқа шығарады. Мақсат – өзгенің назарын айдарту», — дейді мамандар.

Ашуды басу үшін мамандар  іштей онға дейін санау керек немесе 10 рет терең тыныстауға кеңес береді. Бұған қоса, бос уақытыңызда қала сыртына шығып, айқайлаған дұрыс. Егер ештеңе көмектесе, психологтың көмегіне жүгініңіз.  Ашу-ызаны басып қалудың қажеті жоқ, дейді психолог. Өзгеге зиян тигізудің орнына жаттығу залына, бассейнге, караокеге барыңыз. Сонымен қатар дұрыс ұйқы да ашуды жеңуге септігін тигізеді.

Jasyn

Jasyn

Next Post
ВИЧ-ті толық емдеу мүмкін болды: Ғалымдар жаңа препарат жасап шығарды

ВИЧ-ті толық емдеу мүмкін болды: Ғалымдар жаңа препарат жасап шығарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп барады

Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп барады

1 год ago
Ақтөбеде нөсер жауыннан соң 50 қой-ешкіні бауыздауға тура келді

Ақтөбеде нөсер жауыннан соң 50 қой-ешкіні бауыздауға тура келді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In