• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалымдар баспаналы болды

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалымдар баспаналы болды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қордай ауданы Гвардейск қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлеріне арналып салынған жалпы 180 пәтерлік 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен пәтер кілтін тапсыру салтанатты шарасына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс той иелерін құттықтап, ғалым-мамандардың, құрылысшылардың елеулі еңбегін атап өтті.

«Жақында ғана облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, шын мәнінде бұл үлкен жетістік. Еліміз үшін қажетті өндіріс. Сіздер Қазақстанды әлемге тағы бір таныттыңыздар. Біздің елімізде де биотехнологияның дамығанын, жоғары білікті ғалымдардың бар екенін дәлелдеңіздер. Шетелдерде мұндай өндірісті құруға 3-4 жыл жұмсалса, біз тоғыз айдың ішінде үлкен зауыт сала алдық. Вакцинамыз дүние жүзінде мойындалып жатыр. Мемлекет басшысы ғалымдарға, мамандарға барлық қажетті жағдай жасау, олардың ештеңеге алаңдамай жұмыс істеуіне, ғылыммен айналысуына қолайлы орта қалыптастыру, баспанамен, балаларын мектеп және балабақшамен кедергісіз қамту, уақыттарын тиімді өткізу бойынша нақты тапсырма берген болатын. Сол тапсырманың негізінде жалақыларыңыз артты, сіздерге арналып салынған 180 пәтерлі тұрғын үйлер бүгін пайдалануға берілуде. Бұл институт пен зауыт қызметкерлерін толығымен баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында өндіріліп жатқан отандық вакцинаның коронавирус індетіне қарсы күреске және халықтың денсаулығын нығайтуға зор үлес қосатынына сенемін»,- деген аймақ басшысы қызметкерлер мен құрылысшыларға ризашылығын жеткізді.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария барынша қолдау көрсетіп жатқан ел, облыс басшылығына, құрылысшыларға деген ықыласын білдірді.

«Облыс әкімі екі жылда отыз реттен астам жұмыс сапарымен келіп, біздегі құрылыс барысымен, мәселелерімізбен, жағдайымызбен жиі танысып отырды. Соның нәтижесінде барлық жұмыстар дер кезінде әрі сапалы орындалды. Институт қызметкерлері үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Атап айтар болсақ, тұрғын үйлер, балалар ойын алаңшалары, дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Талай жылдан бері институт қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алғаш рет шешімін тапты. Еліміздің және облыс басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз!», – дей келе Күнсұлу Закария жұмыстарды сапалы әрі жоғары деңгейде жалғастыра беретіндіктерін жеткізді.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердегі пәтерлер толығымен тұрмысқа қажетті жиһаздармен жабдықталған, барлық инженерлік желілермен қамтылған. Институт және зауыт қызметкерлері мен олардың балалары үшін 120 адамға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ойын алаңшалары салынған.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсімі баяулады

Қазан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсімі баяулады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мақсат — жетістікке жеткен жандарды жастар үлгі ету

Мақсат — жетістікке жеткен жандарды жастар үлгі ету

6 месяцев ago
Таразда әлеуметтік дүкен ашылды

Таразда әлеуметтік дүкен ашылды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In