• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

СҚО-да құс тұмауы өршіп жатыр

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
СҚО-да құс тұмауы өршіп жатыр
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Солтүстік Қазақстан облысында тағы да құс тұмауы тіркелді. Бұл жолы Тимирязев ауданының Дружба елді мекенінде екі жүзден астам үй құсы қырылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, ауру ошағы Тимирязев ауданы Интернационал ауылдық округіне қарасты Дружба елді мекенінде тіркелді. Осындағы 4 үйдің 228 құсы, соның ішінде 174 тауық, 21 қаз және 33 күрке тауық қырылып қалған.

«Құстарда ауруға тән белгілері болды. Яғни дұрыс жүре алмай, бастарын артқа шалқайта берді. Дене қызуы көтеріліп, айдарлары көгерді. Тұмсықтарынан қан кетті. Диагнозды растау үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық референттік орталыққа патологиялық материал сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде құс тұмауы диагнозы қойылды. Ауру жайылмас үшін құстардың 230 өлексесі мал қорымында өртелді. Ауру қоздырғыштарын жою мақсатында құс иелерінің қора-қопсылары, үйлердің ауласы зарарсыздандырылды», — дейді ветеринарлар.

Дружба елді мекенінде 88 үй түтін түтетіп отыр. Олардың 1700-ден астам құсы бар.

«Құс тұмауы дала құстарынан жұққан. Ауру анықталған үйлердің барлық құстары жойылды. Аз ғана құс қырылғандықтан бір ғана үй карантинге алынды. Мониторинг күнделікті жүргізіледі. Барлық тиісті шаралар жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде 1600 құсқа вакцина салынды. Жылдың бірінші жарты жылдығында 600 басқа екпе егілген еді», — дейді облыс ветеринарлары.

Өткен айда М.Жұмабаев ауданының Лебяжье ауылында да құс тұмауы тіркеліп, мыңнан астам үй құсы қырылған еді. Ол жолы елді мекен толықтай карантинге жабылды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
БАӘ шейхі Түркістандағы перзентхана құрылысына қаражат құйды

БАӘ шейхі Түркістандағы перзентхана құрылысына қаражат құйды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тараздағы аялдамада болған жол апатынан зардап шеккен екі жолаушының қазіргі жағдайы қалай?

Барлық өңірде аурушаңдық деңгейі айтарлықтай төмендеді

4 года ago
Алматыда әкімдіктің құрылымы өзгерді

Алматыда әкімдіктің құрылымы өзгерді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In