• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Өзін өзі атты деп ойламаймын»: Теміртаудағы әскери бөлімде сарбаз мерт болды

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
«Өзін өзі атты деп ойламаймын»: Теміртаудағы әскери бөлімде сарбаз мерт болды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімінде сарбаздың бүгін мәйіті табылды. Суыт хабарды алған жақындары өз өзің мылтықпен атты деген нұсқаға сенбей отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Мақтарал ауданынан келген жиырма жастағы Сержан Оңғардың отан алдындағы борышын өтелуіне екі ай ғана қалған. Бір жыл бұрын әскерге кеткен інілерімен жақын күндерде қауышамыз деп жүрген жақындарына суыт хабар түнде жеткенін айтады. Қайғы жұтқан Сержан Оңғардың туыстары бірден сарбаз борышын өтеген әскери бөлімге келген. Бірақ, жиырма жастағы бауырларының өзін емес, мәйітханадан сүйегі салынған табытын алып шықты.

“Біз балаларымызды бұл үшін армияға жібермейміз. Аман-есен жіберіп, денесін алып қайтамыз деп кім ойлаған? Бәрі дұрыс болған. Бүгін түнде он екі жарымда сөйлескенмін. Баланың жағдайын айтып жеткізе алмаймын. Cоншалықты өзін өзі атты деп те айта алмаймын. Әділдікті, шындықты сұраймыз, барлығының түбіне жетсін”, – дейді сарбаздың туысы Назерке Бақытжанқызы.

Үздік әскери қызметкерлер қатарында болған Сержанның Отан алдында борышын өтеп, үйіне қайтуына екі ай қалған. Туыстары былтыр оны желтоқсан айында өздері әскерге шығарып салғандарын айтады. Алматыдағы медицина университетінде фельдшер мамандығында оқып жүрген жігіттің армандары асқақ еді дейді. Әскерден соң оқуын жалғастырып, медицина саласындағы білікті маман болуды мақсат еткен. Жақындарының айтуынша, бүгін түнде қарауылға түскен Сержан Шымкенттегі әпкесімен сөйлесіпті. Бірақ арада екі сағат өткен соң, үйіне қайғылы хабар келген.

Тамағынан атылған дейді, басын былай бүйтіп полный жарып тастаған дейді. Енді мынандай оқиғадан кейін қайтіп балаларымызды жібереміз. Сұмдық қой. Екі аяқпен жібердік. Кім жібереді бұдан кейін? Қай қазақ жібереді?”, – дейді марқұмның тағы бір туысы Жақсылық Айбеков.

Артық сөзі жоқ, мінезі де жайлы деген Сержанның өзіне қол жұмсауы бекер емес дейді туыстары. Сондықтан олар інілерін суицид жасауға әлдекімдер итермелеген болуы мүмкін деп топшалайды. Қайғы жұтқан отбасы тергеудің әділ өтуін талап етеді.

Ал әскери бөлім полковнигінің айтуынша, жауынгер өзіне бекітілген Калашников автоматымен оқ атқан.

“Осы болған жағдайда қазіргі кезде тергеу органдарымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүрзіліп жатыр. Ары қарай тергеу органдары бәрін көрсетеді. Болғаннан кейін, қатардағы Оңғаров жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген болатын. Бірақ дәрігерлердің істеген іс әрекеттері жетпей, ауруханада көз жұмды”, – дейді «Ұлттық ұлан» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқық жұмыс жөніндегі орынбасары Қанат Ерғалиұлы.

Теміртаулық 5516 әскери бөлімі марқұмның мәйітін бүгін пойызбен жөнелтпек. Ұшақ ұйымдастыра алмаған олар сарбаздың жақындарына жерлеу рәсіміне қажетті материалды шығынды өтеп, қосымша көмек беретінін айтты.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Назарбаев алғаш рет денсаулығы жайлы айтты

Назарбаев алғаш рет денсаулығы жайлы айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандық мұғалім Apple компаниясының оқытушысы мәртебесін алды.

Қазақстандық мұғалім Apple компаниясының оқытушысы мәртебесін алды.

3 года ago
Жамбылда жерді мемлекетке қайтару ісі қалай жүруде?

Жамбылда жерді мемлекетке қайтару ісі қалай жүруде?

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In