Сенатордың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек және медициналық өнімдерге арналған шығындарды жоспарлағанда маңызды көрсеткіштер жоқ немесе жоғары белгіленген бюджеттік өтінім негізінде жасаған. Жұмыстағы мұндай тәсіл 66 миллиардқа жуық бюджет теңгесінің тиімсіз жұмсалуына алып келді.
«2020 жылы 39 нозологияға шамамен 66 млрд теңге тиімсіз жұмсалды. Онда 6 нозология бойынша 26 млрд теңге көлемінде толық қаржыландырылмау аясында заң талаптарының осылай бұзылуына жол берілген. Кейіннен 2019-2020 жылдары «СК-Фармация» ЖШС сақтау қоймаларында 159 млн теңгенің препараттарының жарамдылық мерзімі өтіп кеткендіктен жойылуға жіберуге жатқызылды. Сонымен қатар, министрлік Ұлттық орталықтың есептеулері негізінде, сондай-ақ Кодекстің 76-бабына қарамастан дәрі-дәрмектің шекті бағасын көтеріп жіберген. Нәтижесінде дәрі-дәрмек өз құнынан 1,5 млрд теңгеге қымбатқа сатып алынды», — деді Андрей Лукин.
Сенатор сонымен қатар осы уақытқа дейін Қазақстанда Мемлекеттік фармакопея бекітілмегенін хабарлады. Яғни, дәрілердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейтін құжат бізде әлі жоқ.