Балалар тәрбиесі мен мінез-құлқына зерттеу жүргізетін британиялық кеңесші Софи Джайлз шошқа Peppa туралы мультфильм балалар мен жасөспірімдердің психикасына қауіпті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Кеңесші өзінің мультфильмге қатысты көзқарасын британиялық The Sun басылымына берген сұқбатында айтқан. Оның пікірінше, анимациялық фильмде балалар әкелеріне, яғни бүтін бір отбасының отағасына бұйыра сөйлейді. Ал кішкентай көрермендер болса, кейіпкерлердің бұл қылығын үйінде де қайталауы мүмкін. Әкеме қарым-қатынасты олар дұрыс орнатпауы мүмкін, деген ойын білдірді Софи Джайлз.
Сонымен бірге, маманның айтуынша, «Щенячий патруль», «Кішкентай ханшайым» және «Өрт сөндіруші Сэм» де дәл осындай түйткілдер кездеседі. Балалар мінез-құлқын зерттеуші маман балаларға мульфильмді көрсетпес бұрын, ата-аналардың өздері де оның бір эпизодына назар салса екен деген ой айтады.
Еске салсақ, бұған дейін қытайлық ата-аналар «Барбидің арманындағы үйіндегі хикаялар», «Шошқа Пеппи», » Менің кішкентай Пониім: Достық деген ғажайып» мультфильмдерінде қатыгездіктің көріністері бар деп айыптаған болатын. Ең көп шағым алған мультфильмдер қатарында «Көрші аюлар» (Boonie Bears) мультфильмі бар. Онда басты кейіпкері қолына электр араны жиі ұстайтынын айтқан. Ал балалар оның әрекетін қайталап, аталған құралды сұрай бастаған.
Бұған дейін халықаралық агенттіктің бірі 2021 жылғы тамыз айындағы мектепке дейінгі жастағы балалар арасында ең көп сұранысқа ие балалар контентін назарға ұсынған. Олардың көшін ресейлік «Маша мен аю» хит мультфильмі бастап тұрғаны анықталған.