• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мемлекет 525 миллион теңге қарыз: Арыстағы жарылыстан соң үйлерді қайта қалпына келтірген мердігерлер шу шығарды

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Мемлекет 525 миллион теңге қарыз: Арыстағы жарылыстан соң үйлерді қайта қалпына келтірген мердігерлер шу шығарды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Арыстағы жарылыстан қираған үйлерді қалпына келтірген мердігерлер әлі күнге дейін жүргізген құрылыстың қаражатын алмаған. Компания басшылары екі жылдан бері тындырылған тірліктің табанақысын іздеп барлық жерге барған. Айтуларынша, бір емес 29 мердігердің жүргізген құрылыс жұмыстары үшін мемлекет 525 миллион теңге берешек екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мердігер компанияда учаскі басшысы болған Мұхтарбек Қошқаров Арыстағы жарылыстан зақымданған 200 үйді қалпына келтіруге ат салысыпты. Бұл жұмыстар аяқталған соң құрылыс фирмасына 500 млннан астам қаражат аударылуы керек болатын дейді. Қазір сол қаражаттың 90 миллион теңгесі мемлекеттің берешегі екен.

“Арыстағы жарылыстан соң бізді шақырып, келіп жөндей беріңдер, болашақта ақша болады деп айтты. Осы жердегі мекемелердің бәрі соған сеніп қалды, әлі күнге осында жүрміз”, – дейді мердігер компанияның жұмысшысы Мұхтарбек Қошқаров.

Құрылысты істетіп, қаражатсыз қалдырған 9-шы секторға жауапты Нұр-Cұлтан қаласының әкімдігі дейді мердігерлер.  29 компанияға бас қаланың бюджетінен 525 млн теңге төленбеді, дейді құрылысшылар.

“9-сектор бойынша 56 млн, оның ішінде қолыма нақты тигені 48 млн теңге. Қалған 8 млн 600 мың теңгені әлі алған жоқпын”, – дейді мердігер компанияның жұмысшысы Оразбай Сапарбеков.

“64 үйде түгелдей жөндеу жасадық. Төбесін, терезелерін тұтас ауыстырдық”, – дейді мердігер компанияның жұмысшысы Алмас Әбдуәлиев.

Ал үйінің біраз бөлігі талқандалып кеткен Алтынкүл апа қара шаңырағын қалпына келтірген мердігерге дән риза. Жарылыстан жапа шекпегендей баспананы баптап берді дейді кейуана.

“Көзіміз көргенді айтамыз, өзінің ақшасын әкеп құйды. Мынаның быт-шыт болып кеткен ағашына дейін дейін ауыстырды”, – дейді Арыс қаласының тұрғыны Алтынкүл Қуатова.

Ал Арыстың әкімдігі қаражат жуырда бөлініп қалады дейді. Бұған дейін құжатта бірқатар кем-кетіктер болған соң қаражат та кері қайтарылыпты.

“Барлық құжаттар Түркістан облысы, Нұр-Cұлтан қаласымен бірге министрліктерге тапсырылды. Бүгінде қаржы министрлігінде қаралып жатыр. Сол құжаттарды қарап болғаннан кейін үкіметтің қаулысын күтіп отырмыз”, – дейді Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова.

Әкімнің айтуынша, аптаның аяғына дейін кәсіпкерлердің қаражаты аударылып қалуы мүмкін. Екі жылдан бері еңбек ақысын ала алмай табанынан тозған құрылысшылар бұл мерзімді де күтуге әзір. Болмаса, үкімет үйінің алдына жиналудан тайынбаймыз дейді.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысы тұрғындарының орташа жалақысы — 203 мың теңге

Жамбыл облысы тұрғындарының орташа жалақысы - 203 мың теңге

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалымдар баспаналы болды

QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалымдар баспаналы болды

4 года ago
Қазақстанда екі қала мен үш облыс «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстанда екі қала мен үш облыс «қызыл» аймаққа кірді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In