• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Ұлттық халық санағынан 8,4 млн азамат өтті

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Ұлттық халық санағынан 8,4 млн азамат өтті
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда бүгінге дейін санақтан онлайн өткендер саны – 7 045 196 адам, оффлайн қатысқандар – 1 445 204 адамды құрайды. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

Ұлттық халық санағы басталған алғашқы екі аптада (1-15 қыркүйек аралығы) онлайн сауалнамаға 3 млн қазақстандық қатысса, 11 қазан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, көрсеткіш 7 045 196 респондентті құрады. Олардың 6 040 911-і sanaq.gov.kz сайтында, 700 972 адам Egov порталында тіркелу арқылы, 303 313 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда. Мұнда 913 074 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен 746 343 адам Алматы облысында тіркелген.

Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Мұнда 707 384 адам санақ сауалдарына жауап берді. Онлайн санақтан өту көрсеткіші бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 215464 және 165749 адам сауалнамаға қатысты. Ал, жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы алда келеді. Мұнда азаматтардың 52% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 1361163 адам тіркелген).

Бұл көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы екінші орында тұр. Мұнда тұрғындардың 51,1% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген). Еске салайық, 1 қазаннан бастап интервьюерлер үйлерді жаппай аралауды бастаған еді. 10 күннің қорытындысы бойынша офлайн санақпен еліміздің 1 445 204 тұрғыны қамтылған.

Айта кетейік, онлайн санақтан қазанның 15-іне дейін өтуге мүмкіндік бар. Онлайн санақтан тек үйде ғана емес, ел бойынша ашылған 3 мыңнан аса «санақ бұрыштарында» өтуге болады.

Олар Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» филиалдары мен сауда, ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Онлайн санақтан өтпегендер 30 қазанға дейін интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 телефон номеріне хабарласуға болады. Қоңырау шалу – тегін.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Дариға Бадықова күйеуін көрсетті

Дариға Бадықова күйеуін көрсетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Киберполицейлер шетелдік «дропперді» алаяқтық үшін ұстады

Киберполицейлер шетелдік «дропперді» алаяқтық үшін ұстады

4 месяца ago
610 миллиард теңгенің активтері қайтарылды

610 миллиард теңгенің активтері қайтарылды

1 месяц ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In