Бұл туралы сенатор Еділ Мамытбеков мәлімдеді. Сенаторлар мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, сатып алу рәсімдерінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін барынша азайту болып табылады.
Осыған байланысты, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудағы негіздемелер санын қысқарту – заң жобасындағы жаңалықтардың бірі болып отыр. Әлеуетті өнім берушілердің тауарлар мен олардың бағалары туралы ақпаратты орналастыратын мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған жаңа ақпараттық жүйе — электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу жүргізу ұсынылады. Мұндай сатып алулар жалпы құны АЕК-тің 4000 еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға жүргізілетін болады.
Сенаторлар заң жобасын мақұлдады және екінші оқылымда қарауға жіберді.