• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Шоу-бизнес

Мәдина Сәдуақасова: «Сүйген жүрек» әнін бірнеше рет орындап, 21 мың доллар таптым

by Jasyn
06/03/2024
in Шоу-бизнес
0
Мәдина Сәдуақасова: «Сүйген жүрек» әнін бірнеше рет орындап, 21 мың доллар таптым
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәдина Сәдуақасова өміріндегі ең үлкен гонорар, ең ерекше және қымбат сыйлық жайлы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының Taboo бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәдинаның репертуарындағы ең танымал әндердің бірі – «Сүйген жүрек». Әншінің екінші тынысын ашқан осы ән десек, қателеспейміз. Сәдуақасоваға қомақты қаржы алып келген де осы туынды болып шықты.

«2006 жылы Жаңа жылдық корпоративте бірнеше рет айттым. «Айта берем ба? 7-8 рет орындадым» десем: «Айта беріңіз, ақшасын төлейді», – деді. Сол кезде Астанадан 1 бөлмелі үй сатып алатындай гонорар берді.
21 мың доллар тауып, сол пәтерді алдым», – деп ағынан жарылды Мәдина.

Десе де, әнші тегін өнер көрсеткен кездері болғанын да жасырмайды. Айтуынша, әріптестерінің қуанышына шын көңілмен барады. Ақы алмайды. Сондай-ақ: «Кейде бір кісілерге тосынсый жасап барамыз. Қайырымдылық болады. Ол ақша келеді, ең бастысы адамның көңілі. Өмірде жолың болмай қалған сәттер болса, «біреуді ренжіттім ба?» деп ойлану керек. Негізі адам баласын ренжітпеймін, барлығымен жұмсақ сөйлесуге тырысамын.

Әжем «біреудің көңілін қалдырсаң, өмір бойы бір жерден жолың жабық тұрады» деп айтатын», – деді әжесінің қолында тәрбиеленген әнші.

Сондай-ақ Сәдуақасова өміріндегі ең ерекше сыйлықты Моңғолияда алғанын атап өтті. Жергілікті телеарнаға сұхбат беріп, моңғолша ән айтқан Мәдинаға бір тігінші риза болып, концерт үстінде сый жасаған.

«Жүрегіне қатты өтіпті. Улан-Батордағы концертке 1,5 күн қалған. Ол кісі үлгеріп, бас киіммен, шапанмен, ұлттық киім кигізді», – дейді Мәдина.

Ал өміріндегі ең қымбат сый жайлы өнер иесі былай деді:

«Бір кісі сәйгүлік сыйлады. Үйіме келіп, хабарласып, «терезеге қарасаңыз, сыйлығыңыз тұр» деді. Орбитада тұрып жатқанмын. Қарасам, жылқы тұр. Не істейтінімді білмей, сатып жібердім. Өте асыл тұқымды, қымбат жылқы еді. Таныстарымның бірі көріп, бірден «аламын» деді», – дейді Сәдуақасова.

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Бұл өте нашар нәтиже!»: Сапарбаев әкімдерді сынға алды

"Бұл өте нашар нәтиже!": Сапарбаев әкімдерді сынға алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Сборная Казахстана участвует в 55-й международной олимпиаде по химии

Сборная Казахстана участвует в 55-й международной олимпиаде по химии

2 года ago
Қазақстанда мал басына шектеу қойылмақ: Сарапшылар ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа заң жобасына қарсы шықты

Қазақстанда мал басына шектеу қойылмақ: Сарапшылар ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа заң жобасына қарсы шықты

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In