• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Веложол үшін үйімізді бұзбақшы»: Шымкент тұрғындары шу шығарды

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
«Веложол үшін үйімізді бұзбақшы»: Шымкент тұрғындары шу шығарды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент тұрғындары әкімдіктің бұйрығына қарсы шықты. Сөздерінше, үйлерін әлдеқашан тұрғызып қойған тұрғындарға әкімдік он метр кейін шегіну керектігін ескертіпті. Бұған себеп – жаңа тротуар мен веложолдың салынуы, деп хабарлайды  31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы.

Шымкенттің «Тұран» шағынауданындағы тұрғындар әкімдіктен келген үшбу хатты көре сала, жанымызды шүберекке түйгендей күй кешіп келеміз дейді. Айтуларынша, әкімдік жаңадан түскен бес көшеге веложолақ пен жаяу жүргінші жолын салып, бір бөлігін көгалдандырамыз деген. Ол үшін баспана сыртындағы көшеге дейінгі алты метрді қоспағанда, тұрғындардың үйінен он метр жер мемлекетке қажет болып шыға келген. Хабарлама ұстаған жұрт аң-таң.

“Бұл құр жер емес қой. Бұл жақта құрылыстар бар. Көлікжайлар бар. Үйлер бар. Дүкен мен басқа да нысандар бар. Шындап келгенде халық тамаққа ақша таппай жатыр. Құрылыс былай тұрсын”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Естияр Сейдакбеаров.

Әсіресе веложол үшін үйлері бұзылатындар қатты ашулы. Олар телімдерді әкімнің шешімімен алып, жер кадастры шекарасын сызып бергенін айтады. Әу баста ескертілсе, үйді әрірек салар едік дейді.

“Біздің үйіміз тұтастай бұзылайын деп тұр. Ол айтылмаған. Жақында ғана өзгеріс енгізіліпті. Мұның барлығын сәулет бөлімінен тексерттік”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Әлима Саблиева.

Құрылысты бастамас бұрын неге ескертілмеді дегендерге жауаптылар бұл аумақ Шымкентке Сайрам ауданынан кейін қосылды деді. Жерді бермеу қажеттілігі оларға ескертілсе де, 2011-2012 жылдары аудандағылар халыққа асығыс үлестіріп жіберген деп отыр.

“Көшелерге мынау жақын тұрған қосымша құрылыстар кетуі мүмкін. Мысалы, қоршаулардың орнына салынуы мүмкін. Бір жерде 100 шаршы метр, бір жерде 90 шаршы метр, шамамен сондай аумақта, көп кетіп жатқан жоқ. Себебі біз соны барынша қалдыруға тырысып жатырмыз”, – дейді Шымкент қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Архабаев.

Басқарма басшысы «өтемақы аз беріледі екен» деген халықтың сөзі негізсіз деді. Бос жердің 1 жүздігіне нарық бағасы бойынша 800 мың теңге берілсе, құрылысы бар жер тиісінше өсетінін айтады. Ал тұрғындар қаржыдан бұрын, баспананың бұзылмағаны маңызды деп тарқасты.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Мәдина Сәдуақасова: «Сүйген жүрек» әнін бірнеше рет орындап, 21 мың доллар таптым

Мәдина Сәдуақасова: "Сүйген жүрек" әнін бірнеше рет орындап, 21 мың доллар таптым

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

87 водителей скутеров и мопедов, нарушивших ПДД, привлекли к ответственности в Таразе

87 водителей скутеров и мопедов, нарушивших ПДД, привлекли к ответственности в Таразе

2 года ago
Салық есептілігінің  жаңа электронды нұсқалары жарияланды

Салық есептілігінің жаңа электронды нұсқалары жарияланды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In