Шаңырақ оқиғасына байланысты15 жыл түрмеде отырған белсенді Арон Атабек бостандыққа шығады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Павлодар қалалық №2 соты Арон Атабектің денсаулығына байланысты жазасын жеңілдету жөнінде өтінішті орындады.
Дәрігерлер Арон Атабектің дауасы жоқ сырқатқа (омыртқааралық дискісінің зақымдалуы) ұшырағанын анықтаған.
«Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар», — делінген сот хабарламасында.
Арон Атабек 2006 жылғы Алматыдағы «Шаңырақ» оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген. Бір апта бұрын оның ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған.