Супермамасита деген атпен танымал блогер Әлия Байтұғаеваға қатысты іс Алматы қалалық полиция департаментінің мүліктік қылмыстарды тергеу бөлімінде қаралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша шешім әлі қабылданбаған. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында айтты.
«Байтұғаеваға қатысты бұлтартпау шарасы қабылданбаған. Тергеу жүргізілуде, азаматтардан қаражат өндіру әрекеті бойыншы тиісті тексерулер жасалуда. Жақында бұл тексерулердің барлығы аяқталып, біз тергеудің келесі кезеңіне өтеміз», – деп мәлімдеді Әбдірахманов.
Бұған дейін, миллионер-блогердің жазылушылары пайдасы болмаған курстың ақшасын қайтаруды талап етіп полицияға арызданғаны жазылған болатын. Полицияға жүгінгендердің арасында қазақстандықтар ғана емес, ТМД-ның басқа елдерінің тұрғындары да бар. Азаматтар 2021 жылдың 23 шілдесінен бастап арызданған.