• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result

Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандардың несиесі толық кешірілді

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандардың несиесі толық кешірілді

Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан қаза тапқан азаматтар мен олардың әйелдерінің қарызы кешірілді. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифинте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

Аймақ басшысының сөзінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жамбыл облысының әкімдігімен, банктермен және өзге де қаржылық ұйымдармен бірлесіп, Байзақ ауданындағы жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларының борыштық жүктемесін азайту жөнінде шаралар қабылдаған.

«Банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жүргізген жұмыстарымыз нәтижесіз аяқталған жоқ. Төтенше оқиға салдарынан қаза болған азаматтардың – қарыз алушылар мен олардың артында қалған жесірлерінің берешектерін толық көлемде есептен шығару жөнінде бірыңғай шешім шықты. Бүгінгі таңда 47 несие бойынша берешек толығымен өтелді», — деді Сапарбаев.

Бердібек Сапрбаевтың айтуынша, жергілікті билік бұдан өзге де көмек көрсету шараларын қолға алған.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Салдарынан 17 адам қаза тапты. Тағы бір өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалып кетті. Бауыржан Дәуітбаев әлі күнге дейін табылмай отыр.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Депутат: Неге мешіттер мен шіркеулерді мәдениет үйі ретінде пайдаланбасқа?

Депутат: Неге мешіттер мен шіркеулерді мәдениет үйі ретінде пайдаланбасқа?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика
  • About
  • Advertise
  • Careers
  • Contact

© 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

No Result
View All Result
  • Home

© 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In