• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Шоу-бизнес

Актриса Әсел Сәдуақасова елден кететінін мәлімдеді

by Jasyn
06/03/2024
in Шоу-бизнес
0
Актриса Әсел Сәдуақасова елден кететінін мәлімдеді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отандық актриса Әсел Сәдуақасова шетелге қоныс аударатынын мәлім етті. Бұл туралы HitTV арнасы хабарлады.

Телеарнаның ақпаратына сәйкес, актриса оқырмандарына өзінің маңызды шешім қабылдағанын және жуық арада Қазақстаннан кететінін жеткізген. Алайда нақты қай мемлекетте тұруға бел буғанын айтқан жоқ. Қазірде тұлғалық даму курстарынан өтіп, өзіне көп көңіл бөліп жүрген Сәдуақасова бұл байламға келу үшін ұзақ ойланғанын айтады.

Айта кету керек, актриса бүгінде желідегі парақшасында өзінің өміріндегі қиындықтарын, денсаулығындағы проблемаларын жұртқа жария етуде. Бұдан бөлек, ол тұлғалық даму жөнінен психологиялық челлендждер өткізіп жүр.

Өнер иесінің айтуынша, қазіргі таңда ол өзіне — көңіл бөліп, өмірлік құндылықтарын қайта қараған. Оның басты себебі — денсаулығының нашарлауы.

«Менің бұлай өзгеруіме не себеп? Күнде маған оқырмандардан осындай сұрақтар келеді. Неліктен ерте тұрамын? Психологияны неге зерттей бастадым? Қазіргі күйіме қалай келдім? Алдымен бұған дейін не болғанын, мні өзгеріске не итермелегенін айта кетейін. Мен, шынымды айтсам, тыным таппай еңбек еттім. Кинотуындыларға түсіп, өз тыңдармандарыма ән айтудан жалықпайтынмын. Бірақ күн өткен сайын жағдайым нашарлап кеткенін сездім. Ұйқым бұзыла бастады. Тіпті мүлдем ұйықтамайтын болдым. Етеккірім де бұзылды. Нәтижесінде, күйзелістен 12 келі салмақ қостым. Ештеңеге зауқым соққан жоқ. Әдемі киім кию, өзіме қарау мүлдем көмектескен жоқ. Тіпті айнаға қарағым келмейтін еді», — дейді актриса.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандардың несиесі толық кешірілді

Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандардың несиесі толық кешірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

БАҚ: Ресейлік астықсыз әлемде аштық орнайды

БАҚ: Ресейлік астықсыз әлемде аштық орнайды

3 года ago
Қазақстанда ескі көліктерді жою мақсатында қабылдау қызметі уақытша тоқтатылды

Қазақстанда ескі көліктерді жою мақсатында қабылдау қызметі уақытша тоқтатылды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In