• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Aстана LRT ісімен сотталғандар аштық жариялады

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Aстана LRT ісімен сотталғандар аштық жариялады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Aстана LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады. Олар апелляциялық сатыдағы істі қарау отырысына қосуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Аштық жариялағандардың барлығы да елордадағы ЕЦ 166/1 жазасын өтеу мекемесінде отыр. Ал аштықты 8 жылға бас бостандығынан айырылған Ұлықбек Ачилов жексенбі күні бастап кеткен.

Ачилов колония басшысы мен Бас прокуратураға және сотқа жолдаған хабарламасында апелляция шағымын қарау барысын онлайн-трансляция арқылы көрсетуді талап еткен. Сотталушы сотқа тікелей қатысып, өз ойын айту мүмкіндігін сұрапты. Ұлықбек Ачилов кезінде Astana LRT-ның қосалқы мердігері «НурТрейд» серіктестігінің директоры болған. Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған мердігердің өкілі Тимур Қасабаев, жеті жылға түрмеге тоғытылған Astana Инновейшенстің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім де аштық жариялап жатыр.

Ал экс-депутат әрі Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы, сегіз жылға сотталған Жанат Нұрпейісов аштықтан денсаулығына байланысты бас тартыпты.

Бұған дейін апелляциялық шағымды қарау кезінде Талғат Әшімнің адвокаты клиентінің жүрек талмасы ұстағанын хабарлаған. Аштық жариялағандардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

«Мекеме әкімшілігіне, оның ішінде іс материалдарымен танысуға қатысты еш наразылық жоқ. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» ҚР Заңының 41-бабының талаптарына сәйкес, мекеме басшылығы себебін анықтау, сондай-ақ қылмыстық істі жүргізіп жатқан органды, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасын хабардар ету жөніндегі шараларды қабылдады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметімен байланыс жөніндегі маманы Ақтоты Бекенова.

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Барлық анаға теңдей жәрдемақы берілуі керек»: Еңбек министрі жауап берді

"Барлық анаға теңдей жәрдемақы берілуі керек": Еңбек министрі жауап берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін кинотуындылар көрсетілді

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін кинотуындылар көрсетілді

6 месяцев ago
«Тауда түнедік»: Полицей Түркістанда жоғалып кеткендерді іздеу қалай жүріп жатқанын айтты

«Тауда түнедік»: Полицей Түркістанда жоғалып кеткендерді іздеу қалай жүріп жатқанын айтты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In