• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

Қазақстанда көздің қатерлі ісігін емдейтін жаңа әдіс қолданыла бастады

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
Қазақстанда көздің қатерлі ісігін емдейтін жаңа әдіс қолданыла бастады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Орталық Азияда алғаш рет ретинобластоманың көзді сақтауға мүмкіндік беретін селективті интраартериялық химиотерапияның жоғары технологиялық орган сақтау емін жүргізуді басталды. Көздің қатерлі дертінде қолданатын бұл ем көзді, тіпті көздің көру қабілетін сақтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ретинобластома — көздің қатерлі ісігінің сирек кездесетін түрі. Бұл дерт балалар арасында кең тараған. Ретинобластома бүкіл көз алмасын ісік тінімен толтырумен, көру жүйкесіне, көзұясына, миға қарай өсетін агрессивті ағыммен сипатталады. Ісік көру қабілетінің жоғалуы түрінде ғана қатерлі емес, сонымен қатар метастаздың және басқа мүшелердегі екінші қатерлі ісіктердің дамуына әкелуімен де қауіпті. Жыл сайын әлемде ретинобластома диагнозымен 8100 бала тіркеледі. Оның 570 — 810-ы жаңа туған кезде анықталады.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы ұсынған мәліметке сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда көздің қатерлі ісігінің (ретинобластоманың) 20-25 жаңа жағдайы анықталады. 2015 жылдан бастап ретинобластомасы бар барлық науқастар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында емделуде.

Педиатрия орталығында Қазақ көз аурулары ҒЗИ-мен бірге лазерлі транспупиллярлы термотерапия, интравитреальді химиотерапия, криодеструкция емдері енгізілген, енді орган сақтау әдістерінің бірі — селективті интраартериалды химиотерапия қолданылатын болады. «Педиатрия орталығында көздің қатерлі ісігіне ота жасау үшін барлық жағдай жасалған – арнайы медициналық жабдықтар, қондырғы және білікті мамандарымыз бар. Қазақстанда алғаш рет орган сақтауға мүмкіндік беретін СИАХТ операциясы басталды. Біз үшін және науқас балалардың ата-аналары үшін емнің жаңа түрінің енгізілуі бірегей, ерекше оқиға. 2016 жылдың қараша айында ретинобластома кезіндегі СИАХТ-тың жаңа технологиясын қарастыруға өтінім берген еді. Пандемияға байланысты клиникалық хаттама 2021 жылғы 25 тамызда ғана бекітілді. Осы уақыт ішінде біз 2 мастер-класс өткізіп, 12 балаға операция жасадық», – дейді дәрігер-офтальмолог Елена Тян.

Оның айтуынша, Америка Құрама Штаттарында және Еуропада 15 жыл, Ресейде 10 жылдан бері қолданылып келе жатқан селективті интраартериалды химиотерапия емі жоғары тиімділікті көрсетті, көзді орган ретінде, тіпті көру қабілетін сақтауға мүмкіндік береді. АҚШ-та қолдану жылдарында көз алмасын алып тастау операцияларының саны 95%-дан 8%-ға дейін қысқарды.

«Көздің қатерлі дертіне шалдыққан балалардың ата-аналары көздерін сақтап қалуға тырысып, бұрын шетелдік квотамен немесе өз қаражатымен шетелге емделуге баратын. Енді біздің еліміздің пациенттерінде өз елімізде емделуге мүмкіндіктері бар. Ретинобластоманың орган сақтайтын емінің барлық түрлерін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) есебінен тегін ала алатын болады»,- деді дәрігер.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Жемқорлық жайында хабарлаған 4 адам 800 мың теңгеден астам сыйақы алды

Жемқорлық жайында хабарлаған 4 адам 800 мың теңгеден астам сыйақы алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

11 сәуірден бастап Ресей, Қырғыз және Өзбекстанмен шекарада бүкіл шектеулер алынады

11 сәуірден бастап Ресей, Қырғыз және Өзбекстанмен шекарада бүкіл шектеулер алынады

3 года ago
Worldskills аймақтық чемпионаттарына 3500-ден астам студент қатысты

Worldskills аймақтық чемпионаттарына 3500-ден астам студент қатысты

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In