• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Томирис Байсафаның ісін Ресей Федерациясының Тергеу комитеті тексеретін болды

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Томирис Байсафаның ісін Ресей Федерациясының Тергеу комитеті тексеретін болды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Томирис Байсафаның ісімен Ресей тергеу комитеті айналысатын болды. Бөлім басшысы қазақстандық қыздың қайтыс болуының барлық мән-жайы мен тергеу материалдарын тағы да тексеруді тапсырды, деп хабарлайды «КТК» арнасы.

Бұдан бөлек, қыздың анасы қайғылы оқиға болған МГИМО проректорына да қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етеді.

«Мен Щитьконы (проректор) сот барысында біле тұра жалған куәлік бергені үшін жауапқа тартқым келеді. Ол өзінің алғашқы куәлігі мен арыздарын өзінің қарамағында оқитын студенттерге берген. Бейнекамералар да тек үш айдан кейін алынды. Ал заңгерлердің бірі оған жұмыс істейді. Онда көпшілігі білмейтін көптеген жайттар бар. Сондықтан осы мәселелердің барлығы ашылуы қажет», – деді Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова.

Марқұмның анасы тергеу комитетінің басшысына жолдаған өтінішінде Мәскеу аудандық сотында іс жүргізу кезінде жіберілген көптеген заң бұзушылықтарды атап көрсетті. Сондай-ақ Жанна Ахметова куәлік берген адамдардың сөзіне де сенбейді. Әйел олардың барлығын жалған куәгерлер дейді. Іс бойынша жаңа таңдау алдағы күндерге жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Томирис Байсафа 2018 жылдың сәуірінде МГИМО ғимаратының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алған қыз сол күйі есін жимастан көз жұмды.

Томирис терезеден құлаған күні күдікті жігітпен аудитория ішінде қызыл кеңірдек боп ұрысқанын көрген студенттер бар. Және қазақ қызы мен дағыстандық бай баласы екі жыл жақын қарым-қатынаста болған. Атышулы істе «Кісі өлтіру» бабымен айыпталған Дағыстанның экс-премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов сотта ақталып шықты.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ғалымдар смартфондардың жаңа пандемияға әкелетінін айтты

Ғалымдар смартфондардың жаңа пандемияға әкелетінін айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Талибан» Ауғанстан бойынша келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуден шақырту алды Т

«Талибан» Ауғанстан бойынша келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуден шақырту алды Т

4 года ago
Жамбылда жерді мемлекетке қайтару ісі қалай жүруде?

Жамбылда жерді мемлекетке қайтару ісі қалай жүруде?

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In