• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Индира Расылхан: Анам әкемнің жүкті әйелін үйге кіргізіп, көрегендік танытты

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
Индира Расылхан: Анам әкемнің жүкті әйелін үйге кіргізіп, көрегендік танытты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Hit TV арнасының «Менің өмірім» бағдарламасында әнші Индира Расылхан анасының өмірінде орын алған ауыр жайттарды есіне алып, сырымен бөлісті.

Үш қыздың кенжесі Индира Расылхан 24 жасында әкесінің анасына жасаған қиянатына куә болғанын айтады. Оның сөзінше, ол кезде анасы небәрі 43 жаста болған екен. Қанша қиналғанымен, әкесі үйге аяғы ауыр келіншекті әкелгенде анасы көрегендік танытып, тіпті әйелмен еріп келген балаларға да мейіріммен қарапты. Дегенмен, бұл жайт ес біліп, ұядан ұшқан үш қызға ауыр тиген көрінеді.

«Ата-ана арасындағы кикілжіңдер, қандай да бір жайттар бала кезде өтіп кеткен жақсы ма деймін. Біз ес біліп, есейіп барлығымыз үйлі-жайлы болғаннан кейінгі бұл жағдай ауыр тиді. Оның үстіне ол әйелдің аяғы ауыр деді. Анамның да көрегенділігі шығар деп ойлаймын. Ол ері «бала үшін қиналып қалмасын, ұрпақ керек қой, қазақ қой» дегенді алға тартып, өз қолымен екінші әйелді үйге кіргізді. Біздің көзімізше. Менің жасым 24-те, әпкелерім 26-да және 25-те», — деп есіне алды өнер иесі.

Индира Расылханның айтуынша, ол анасына алғашқылардың бірі болып басу айтып, сабырлылық танытуға шақырыпты. «Ол кезде иманға келген адаммын, сабырлылықты білетін адаммын, анама ақыл айтып, көбіне мен басу айттым. «Тағдырыңыз сол болса, ол болады. Сол үшін рұқсат беріңіз», — дедім. Анама ауыр тиді. Бірдей жылайды бірде, былай. Телефон арқылы анаммен сөйлесіп отырдым. Кейін отбасылық жағдайлармен өзім де ауылға көшіп келдім. Барлығымыздың басымыз қосылған кезде, әкем қыздарын шақырып алып, осы жағдайды бізге ашық айтты. Сол кезде ренжідік. Іштей қызғаныш өте қатты болды. Қайтсе де, әкем үшін баламын. Қызғанамын», — деп ағынан жарылды Расылхан. Бұл жайт отбасы үшін қиын болғанымен, анасы барлық ерік-жігерін қолға алып, әкесіне үйге келіп тұруға рұқсатын беріпті.

Сонымен бірге, қыздарының әкелерімен ат құйрығын кесісуге де қарсы болған. Анасының бұл әрекеті үшін қазір алғыс айтамын, дейді өнер жұлдызы. «Ата-әжем сол үйде тұрғандықтан әкелді деп ойлаймын. Бөлек тұрса, бәлкім, әкелмес те еді. Анам үшін әкем «жоқ» болса да, әкеме ата-анасы, балалары үшін келіп тұруға рұқсат берді. Сол әйелмен бірге келіп-кетіп тұрды. Ол кісімен бірге екі ұлы еріп келген болатын. Ол кезде ұлдары үшінші-төртінші оқитын кішкентай балалар. Ауырып ауруханаға жатып қалған кезде, екі балаға анам қарады. Сабақтарына жібереді, тамақтарын береді, сабақтарын оқытады. «Бұлар кінәлі емес қой, баланың көзінше айтпаңдар», — деп бізге ұрсады. Әкемізбен қарым-қатынасымыздың дұрыс болуына септігін тигізген — анам», — деді әнші.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қаражат болмады: Дзюдошылардың бапкері әлемдік жарысқа бес спортшымен барып, жеңіспен оралды

Қаражат болмады: Дзюдошылардың бапкері әлемдік жарысқа бес спортшымен барып, жеңіспен оралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

3 года ago
Более 2500 нарушений ПДД, беспилотные летательные аппараты: жамбылские полицейские провели широкомасштабные отработки по всей области

Более 2500 нарушений ПДД, беспилотные летательные аппараты: жамбылские полицейские провели широкомасштабные отработки по всей области

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In