• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

БҰҰ болжамы: 2050 жылы Қазақстанда 10 тұрғынның 7-еуі қалада тұрады

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
БҰҰ болжамы: 2050 жылы Қазақстанда 10 тұрғынның 7-еуі қалада тұрады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Біріккен Ұлттар ұйымының болжамына сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстанда 10 тұрғынның жетеуі қалада тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Energyprom.kz мәліметінше, Қазақстанда құрылыс саласы халық өсімі қарқынынан бірнеше есе жоғары. Мәселен, осы жылдың 7 айының қорытындысында елімізде 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10,3 пайызға көп. Мұның үстіне жалпы пайдалануға берілген 4 баспананың үшеуі, нақты айтқанда 5,7 млн шаршы метр тұрғын үй қалаларда салынған. Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Аталған жоспар орындалса онда ол жаңа рекордтық көрсеткіш болмақ.

Ал Қазақстан халқының жылдық өсімі небәрі 1,3 пайыз шамасында ғана. 2021 жылдың 1 шілдесінде елімізде 19 млн адам тіркелген. Қала халқы 2 пайызға жуық өсіп, 11,3 млн адамға жеткен. Бұл еліміздегі жалпы халық санының 59,2 пайызын құрайды, Елімізде тұрғын үй құрылысы саласындағы қарқынды өсімге мемлекеттік бағдарлама аясындағы қолжетімді ипотекалық несие сеп болып отыр. Тек осы жылдың 7 айында ғана «Отбасы» банкі 183,9 млрд теңгеге жаңа баспана сатып алу үшін 14,4 мың несие берді. «Отбасы» банкінің және өзге де даму институттары мен мемлекеттік бағдарламалардың арқасында елімізде урбанизация қарқын алып келе жатыр.

БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің болжамына қарағанда, 2050 жылға қарай Қазақстанда урбанизация деңгейі 69,1 пайызға жетеді. Яғни, еліміздің 10 тұрғынының 7-еуі қалада тұратын болады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, әлемде орташа болжамды көрсеткіш – 68,4 пайыз. Бұл ретте Азия үшін 66,2, Орталық Азия үшін 60,5 пайызды құрайды. Табыс деңгейі жоғары елдерге арналған бұл болжам 88,4, табысы төмен елдер үшін 50,2 пайыз шамасында. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанға арналған болжам омтимистік деуге болады.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда баспана арзандады

Қазақстанда баспана арзандады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Шымкент «қызылдан» «сары» аймаққа өтті

Шымкент «қызылдан» «сары» аймаққа өтті

3 года ago
Ақтау әуежайында контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелу алдын–ала тоқтатылды

Ақтау әуежайында контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелу алдын–ала тоқтатылды

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In