• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Ата-анасы вакцина алмаған оқушылар мектепке кірмейді»: Ақпаратқа түсінік берілді

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
«Ата-анасы вакцина алмаған оқушылар мектепке кірмейді»: Ақпаратқа түсінік берілді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елорда мектептерінің бірінің ата-аналар чатында вакцина алмаған ата-аналардың балалары мектепке кіргізілмейтіні туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты қалалық Білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1 қыркүйектен бастап балалар мектепке барады. Ата-анасы вакцина алмаған балаларды мектепке кіргізбейді. Ата-аналардың бәрін вакцина алуға шақырыңыздар», — делінген WhatsApp арқылы тараған мәліметте. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі бұл мәліметтің фейк екенін мәлімдеп отыр.

«Нұр-Сұлтан қаласында оқу жылын дәстүрлі форматта бастау жоспарлануда. Ата-анасы вакцина қабылдамаған бала 1 қыркүйекте мектепке қабылданбайды деген шешім шыққан жоқ», — деп жауап берді ведомстводан ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына орай.

Еске салсақ, 11 тамызда өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрі Асқар Мамин Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталатындығына байланысты бірқатар тапсырма берген болатын. 1 қыркүйекте салтанатты қоңырау соғу шарасы тек 1-сынып оқушылары үшін ғана өтеді. Ал 2-11 сыныптар тікелей бекітілген кабинеттерге барып, сынып сағаттарына қатысады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ мектептерде енгізілген Ashyq қосымшасы кімдерге қолданылатынын айтты. Барлық білім беру ұйымдарында қызметкерлер мен білім алушылар маска киюге міндетті. Мектептерде қосымша ауысымдар ұйымдастырылады, үзілістер уақыты әр уақытқа белгіленіп, «1 сынып — 1 кабинет» жүйесі іске қосылады.

Ал жаңа оқу жылында 1 оқушыдан коронавирус шықса бүкіл сынып қашықтан оқыту форматына көшіріледі. 9 тамыздағы жағдай бойынша, білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алған.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандардың мәйітін алуға ұзын-сонар кезек пайда болды

Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандардың мәйітін алуға ұзын-сонар кезек пайда болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

158 азаматымыз Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр

158 азаматымыз Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр

3 месяца ago
Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі

Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In