• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Есімі — Евгения»: Есен Елеукен алғаш рет жеке өмірі туралы ашық айтты

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
«Есімі — Евгения»: Есен Елеукен алғаш рет жеке өмірі туралы ашық айтты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Танымал тележүргізуші Есен Елеукен алғаш рет бағдарлама эфирінде жеке өмірі туралы сөз қозғады. Айтуынша, жұбайы мен жалғыз қызы ел көзінен тасада жүргенді қалайды. Бұл туралы ол Тимур Балымбетовтың Er-Batyr жобасында айтты деп жазады nur.kz.

«Жайдарман» жобасының жетекшісі ретінде жұртқа танымал болған Есен Елеукеннің жеке өмірі жайлы ақпарат жоқтың қасы. Бұған дейінгі сұхбаттарында да ол отбасы туралы көп айта бермейтін. Тимур Балымбетовтың жобасында танымал тележүргізуші алғаш рет жұбайы мен бойжетіп қалған жалғыз қызы туралы сыр шертті.

Айтуынша, қызы да, жұбайы да қоғамдық өмірді қаламайды. Дегенмен, ол Евгения есімді келіншегі өнердің адамы екенін жеткізді. «Ол кісі де өнердің адамы. Киім тігумен, жалпы дизайнмен айналысады. Өз әлемі бар. Есімі — Евгения. Есімінің де қойылу тарихы бар, негізі қазақ. Өз ісі бар, ең бастысы, менің жұмысыма кедергі келтірмейді. Қолдап отырады, өзінің бағасын беріп отырады», — дейді Есен Елеукен.

Айтуынша, ол жұбайына қалаған ісімен айналысуға мүмкіндік берген. «Шынайы, ең бастысы, өтірік күлкісі жоқ. Бізде де түсінбестік болды, қиын кезеңдер болды. Бірақ үнемі қолдап отырады. Мен де оның жұмысын қолдаймын. Бұл жердегі мақсатымыз үлкен пайда табу емес. Нені жақсы көреді, соны жасасын деген ойым бар. Ортақ әңгімелеріміз бар», — деп ағынан жарылды тележүргізуші.

Әңгіме барысында Есен Елеукен жалғыз қызы туралы да айта кетті.

«Қызымды кішкентай кезінен бүкіл отбасым еркелететін. «Папасының патшасы» дейтін еді. Қазір 9 сыныпты бітірді. Оның да өзінің әлемі бар. Әлеуметтік желіде отыруды аса қатты жақсы көрмейді. Өзінік бір түсініктері бар. Әлеуметтік желіге шығып, ананы-мынаны сала беруді екеуі де қатты қаламайды, мен де оны аса қаламаймын. Елдің алдында жүргеннен кейін кейде амал жоқ бір дүниелер жазып қоюға тура келеді. Шошаңдап, мен ана жерде отырмын, мынаны жеп отырмын деу менікі емес», — дейді тележүргізуші.

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Халықтан бас иіп кешірім сұраймын»: Әбілхан Аманқұлдың бапкері  жеңілісті түсіндірді

"Халықтан бас иіп кешірім сұраймын": Әбілхан Аманқұлдың бапкері жеңілісті түсіндірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Шымкент «қызыл», ШҚО «сары аймаққа» өтті

Шымкент «қызыл», ШҚО «сары аймаққа» өтті

4 года ago
11 аймақ әлі «қызылда» тұр

11 аймақ әлі «қызылда» тұр

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In