• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Жаңа оқу жылында еліміздің мектептерінде сабақ қалай өтеді

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Жаңа оқу жылында еліміздің мектептерінде сабақ қалай өтеді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындық шараларын бастап кетті. Бүгінде оқушыларды дәстүрлі форматқа ауыстыру бойынша тиісті ұсыныстар әзірленіп, барлық өңірге таратылды деп хабарлайды  министрліктің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытуға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдардың білім басқармалары оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуына ерекше назар аударып, бақылауы қажет.

Барлық мектептерде қызметкерлер мен білім алушылардың температурасын өлшеу, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, кабинеттердің ауасын зарарсыздандыру (кварцтау) және дезинфекциялау шараларын жүргізу керек. Білім беру ұйымдары дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Жалғасып жатқан шектеу шаралары кезінде оқу орындарының сыйымдылық қуаты мен білім алушылардың санына қарай ауысым мен жұмыс режимін алдын ала анықтап, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, оқу процесін ұйымдастыру маңызды.

Әкімдіктердің білім басқармалары мен мектеп әкімшіліктері балалардың дәліздер мен буфеттерде жиналуын болдырмау үшін үзілістерді әртүрлі уақытта өткізуді ұйымдастыруы қажет. Сондай-ақ білім алушылар мен қызметкерлер арасында маска тағу режимін сақтауды қамтамасыз ету керек. Бір сынып бір кабинетте оқуы тиіс.

«Әрбір әкімдіктің білім басқармасы мен білім беру ұйымдарының пандемия кезінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар мен мектептердің жұмысын ұйымдастыруда тәжірибесі бар. Дегенмен, күндізгі оқу процесін ұйымдастыру мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Бастысы – балалардың денсаулығы. Сондықтан әр сынып басқа кабинетке ауыспай, өз кабинетінде оқиды.

Оқушылар да мұғалімдер сияқты бетперде киеді. Үзілістер әртүрлі уақытта болады, қажет болған жағдайда қосымша ауысымдар енгізіледі. Кіреберісте температураны өлшейтін және дезинфекциялық құралдардың болуы міндетті. Сондай-ақ оқушылардың білім олқылықтарын толтыру бойынша педагогтердің көлемді жұмыс жүргізуі маңызды», – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Сонымен қатар, сабақ кестесі санитарлық талаптарды ескере отырып жасалуы керек. Білім беру ұйымдары бұқаралық, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді шектеуі қажет. Дәстүрлі оқыту форматында мектеп формасы бұрынғыдай сақталады.

Санитарлық қызметтің талабы бойынша алдағы оқу жылында мектептерді ашу шарттарының бірі – мұғалімдер мен қызметкерлерді вакцинациялау. Білім беру ұйымдарын дәстүрлі форматқа қайтару елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын айта кетейік.

Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды.

«Өткен жылы оқыту форматы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отырғаны естеріңізде болар. Кейбір оқушылар қашықтан білім алды, бір бөлігі аралас форматта оқыды. Эпидемиологиялық жағдай жеңілдеп, дәстүрлі оқуға мүмкіндік болған кезде кейбір оқушылар кезекші сыныптарға барды. Яғни, елде жаппай қашықтан оқыту болған жоқ. Іс жүзінде орта есеппен 4000-ға жуық шағын ауылдардағы мектептер жыл бойы  дәстүрлі форматта оқытылды. Дәстүрлі форматта оқитындардың жалпы саны кезекші сыныптарды қоса алғанда бірінші тоқсанда 1 млн бала болса, төртінші тоқсанда 2 млн балаға дейін жетті», – деді Жомарт Қарамбаев.

1 қыркүйекте 3,5 млн-нан астам бала үшін 7 475 мектеп ашу жоспарланған. Қазір мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың барысын әкімдіктердің білім басқармалары бақылайды. Барлық білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары аяқталады, соның ішінде 263 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Егер мен Дәулеттен пара алсам…» Бердібек Сапарбаев жемқорларға қатысты пікір білдірді

«Егер мен Дәулеттен пара алсам...» Бердібек Сапарбаев жемқорларға қатысты пікір білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Биыл 70 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Биыл 70 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

3 года ago
Алматы облысында жер сілкінісі болды

Алматы облысында жер сілкінісі болды

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In