Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 24-26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Қазгидромет» таратқан мәлімет бойынша атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады.
24 шілдеде батыста, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Одан бөлек бұршақ жаууы ықтимал.
Ал еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Синоптиктердің болжауынша, күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта ауа температурасы 38-42 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстікте ауа температурасы 32-40 градус ыстықтан 20-30 градусқа дейін біртіндеп төмендейді.
Тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста және оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауыл күшейеді, республиканың батысы мен шығысында бұршақ болады.