• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Қазақстанда білім гранттары конкурсына құжат қабылдау 16 шілдеде басталады

by Jasyn
06/03/2024
in Без рубрики
0
Қазақстанда білім гранттары конкурсына құжат қабылдау 16 шілдеде басталады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 16 шілде күні басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады. Талапкерлер мен олардың ата-анасының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейнебайланыс арқылы кеңес береді.

Оқуға түсушілер 6 мамыр мен 1 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады. Өтініш берген кезде талапкерлер аттестат, аттестатқа қосымшаның электрондық көшірмелерін және электрондық құжат нысанындағы көлемі 3×4 цифрлық фотосуретті, сондай-ақ басқа да құжаттардың көшірмесін қоса тапсыруы қажет.

Егер талапкер «Алтын белгі» иегері немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған болса, онда ол басқа үміткерлермен балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары үшін де осындай артықшылықтар қарастырылған.

Талапкерлердің мұндай жетістіктерінің ескерілуі үшін құжаттарды тапсыру кезінде растайтын құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші сертификаттың атауын, балын көрсетеді және электрондық сертификатты тіркейді. Сонымен қатар биыл білім беру гранттарын бөлу кезінде ҚР БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарына квоталар бөлді.

Енді көпбалалы немесе толық емес отбасынан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлердің грант алу мүмкіндіктері жоғарылай түсті.

Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген. ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер ұлттық жоғары оқу орындарына түсе алады.

«Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» − кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына — кемінде 50 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Шымкентте мектеп құрылысы кезінде мердігер 5,5 млн теңгені жымқырған

Шымкентте мектеп құрылысы кезінде мердігер 5,5 млн теңгені жымқырған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тараздық полицейлер әкелерінің көлігін басқарған екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады

Тараздық полицейлер әкелерінің көлігін басқарған екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады

2 года ago
Оңтүстік Корея халқының саны алғаш рет азайды

Оңтүстік Корея халқының саны алғаш рет азайды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In