• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Қоғам

Танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден озды

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден озды
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Сатыбалды Нарымбетов 75 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін қазақ кинематографиясы орны толмас қазаға ұшырады. Кино мен əдебиетте өзіндік суреткерлік əлемін қалыптастырған, қазақ киносына тамаша туындылар тарту еткен Сатыбалды ағамыз келместің кемесіне мініп арамыздан кете барды. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан кинорежиссёр, жазушы, «Құрмет» орденінің, «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері, Франция кино академиясының Жорж Садуль атындағы тəуелсіз сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетовтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Əр фильмі мен шығармасы арқылы сол заманның тыныс-тіршілігін, ауанын жеткізуге тырысатын мэтрдің асыл бейнесі қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын»,- деп жазды Ақтоты Райымқұлова Facebook -тегі парақшасында.

Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған.

Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1 984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген.

1969 жылдан «Қазақфильм» студиясында сценарист әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті.

1970 жылдан – «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері болды.

Ал 2005 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі болып еңбек еткен еді.

Ол «Құрманғазы» атты деректі фильмге (1972 жылы), «Зауал» (1981 жылы), «Күзгі бұралаң жол» (1984 жылы) қысқа метражды фильмдерге, «Ұрын келген күйеу» (1987 жылы), «Созақтан шыққан Гамлет» (1990 жылы), «Көзімнің қарасы», «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (1994 жылы), «Омпа» (1998 жылы) және тағы басқа көркем фильмдерге режиссерлік еткен.

Бұған дейін, жазушы Смағұл Елубай Сатыбалды Нарымбетовтің ауыр халде, бір аптадан бері комада жатқаны туралы жазған болатын. Оның айтуынша, асқазанындағы ескі жара ашылып қан құсып ауруханаға түскен.

 

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Доллар тағы қымбаттады

Доллар тағы қымбаттады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ілияс Есенберлиннің 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді

Ілияс Есенберлиннің 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді

5 года бұрын
Түркістан облысына қоныс аударушылар көбейген

Түркістан облысына қоныс аударушылар көбейген

4 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In