• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Экономика

Мамандар: Күзде жұмыртқа бағасы шарықтауы мүмкін

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Мамандар: Күзде жұмыртқа бағасы шарықтауы мүмкін
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде жем-шөптің бағасы реттеліп, мемлекеттен субсидия бөлінбесе, күзде жұмыртқа қайта қымбаттауы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Бүгінде жұмыртқаның уақытша арзандағаны халықты қуантқанымен, осы шаруашылықпен айналысып отырғандардың көңілін түсірген. Мәселен, 5 мың тауық ұстайтын Юлия Барсукова бұрын күніне үш мыңнан аса жұмыртқа алып сатылымға шығарған. Ал қазір оның бірі де жоқ деп отыр. Себебі, пандемия басталғалы жем-шөп қымбаттап, жұмыртқа бағасының түскені тек шығынға ұшыратқан.

«Біз бұрын мемлекеттен мүлде көмек сұраған емеспіз. Пандемия басталғалы қарызға баттық. Қазір бар-жоғы алып қалғаным 60 шақты үйрегім ғана. Қалған тауықтың бәрін сатып жібердім. Өйткені жем-шөбін табу мүмкін болмады. Былтыр жем-шөптің бір келісі 200 теңге болса, биыл 360. Енді қандай іспен айналысарымды да білмеймін», — дейді құс шаруашылығының иесі Юлия Барсукова.

Алматы облысының базарларында жұмыртқа құны әсіресе қыста қымбаттайды. Қазір саудагерлер көтерме бағамен өнімнің бір данасы 35 теңгеден келеді деп отыр.

«40 теңгеден саттық. Қазіргі бағасы 38 теңгеден. Қорабымен сатқанда, көтерме бағамен өткізгенде 36 теңгеден береміз. Қыста менде 42, 55, 50 теңгеден болды. Бірақ желтоқсанда қымбаттап кетті. Ол кезде 58 теңгеден саттық», — дейді Алматы облысының тұрғыны Күнсұлу Бейісова.

Супермаркеттерде баға айтарлықтай арзандамаған. Мұнда 1-санаттағы жұмыртқаның әр данасы 46- 52 теңгеден сатылып жатыр. Яғни ондығы бұрынғыша 465-525 теңге аралығында. Еліміздегі жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, баға тұрақсыздығына былтырғы құс тұмауының да кесірі тиген. Соның салдарынан биыл өндірушілер тек 2 миллиардқа жуық өнім алыпты. Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмен.

«Жұмыртқа бағасының өзгеріп отыруы жыл сайынғы құбылыс. «Маусымдық өзгеріс» дейміз. Сұранысқа да байланысты. Мәселен, көктем, күз айларында құны өсіп, жазда бағасы төмендейтін кезең. Яғни аптап ыстықта сұраныс азаяды», — дейді Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының төрағасы Максим Божко.

Қауымдастықтағылар тауық өсірушілердің мәселесін жан-жақты қарастырып жатыр. Шара қабылданбаса, күзге қарай баға одан сайын шарықтауы мүмкін.

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Жамбыл облысында құрғақшылық салдарынан мал жаппай қырылып жатыр

Жамбыл облысында құрғақшылық салдарынан мал жаппай қырылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Тауда түнедік»: Полицей Түркістанда жоғалып кеткендерді іздеу қалай жүріп жатқанын айтты

«Тауда түнедік»: Полицей Түркістанда жоғалып кеткендерді іздеу қалай жүріп жатқанын айтты

5 года бұрын
COVID-19-ға қарсы егілмегендерді мектепке кіргізбейтіні рас па?

COVID-19-ға қарсы егілмегендерді мектепке кіргізбейтіні рас па?

5 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In