• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Коронавирустың жаңа мутациясы: «Үнді» штамының қаупі неде

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Коронавирустың жаңа мутациясы: «Үнді» штамының қаупі неде
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Коронавирустың COVID-19 инфекциясы пайда болғанынан бері төрт штамы анықталған. Олар – Ұлыбритания, Оңтүстік Африка мен Бразилия, Үндістан штамдары. «Үнді» штамы былтыр күзде пайда болғанымен, осы көктемде сәуір-мамыр айларында өршіп, өз ішінде тағы бірнеше мутацияға бөлініп кетті деп жазады Qadam.asia.

Қазіргі уақытта «үнді» штамы әлемге қауіп төндіріп тұр. Алғаш пайда болған сәтте Ұлыбританияның бас дәрігері, профессор Крис Уитти (Chris Whitty) «үнді» штамын коронавирус мутацияларының ішінде ең қауіптісі деп атап, өте жұқпалы вирус екенін жеткізген еді. Сол кезде Ұлыбританияда «үнді» штамын жұқтырғандар саны 10 есе көбейіп кеткен.

«Үнді» штамының симптомдары

«Үнді» штамының белгілері COVID-19-тен біршама бөлек. Ковидтегі сияқты дәм мен иіс сезуден айырылу, іш өту мен асқазан ауруы сынды белгілер жоқ. Сондықтан болса керек, жұрттың көбі оны тұмаумен шатастырып алады да, ковидке шалдыққанын өздері де сезбей қалады. Іш өтудің орнына адам тамақтан уланған сынды ауырады.

Ұлыбританияда тарап жатқан «үнді» штамының ковидтік белгілері басым. Вирусқа шалдыққандар бас ауырып, дене қызуы көтерілетінін, жөтел ұстап, тұмау тиетінін айтады. Жас, дені сау адамдар «үнді» штамын тұмаумен шатастырып алады. «Бір қарағанда сырқат тұмауға қатты ұқсайды. Әлсіздік жайлап, дімкәстік басады. Сол кезде сырттан тон пішпей, тест тапсыру керек», — дейді Лондонданағы Король колледжінің профессоры Тим Спектор.

«Үнді» штамы неге қауіпті?

«Үнді» штамының басты қаупі – тез таралып жатқаны. Әрі коронавирустан өзгеше симптомдар әкелуде. Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазір әлемді алаңдатып отырған «үнді» штамын тоқтатуды мүмкін болмай тұр.

Ал Сингапур мамандарының айтуынша, «үнді» штамының кесірінен туған пандемия COVID-19 пандемиясынан да асып түсуі мүмкін.

Швецияда «үнді» штамына шалдыққандардың саны бес күннің ішінде 70 пайызға жеткен.

Румынияның вакцина жөніндегі ұлттық комитетінің басшысы Валериу Георгицэдің сөзінше, коронавирустың төртінші толқынын – осы «үнді» штамы туғызуы мүмкін.

Индонезия билігі «үнді» штамының тарауына байланысты тағы локдаун енгізгелі жатыр.

Вакцина көмектесе ме?

Бұл сауалға әзірше нақты жауап жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, бұған нақты жауап беру үшін әлі де медициналық зерттеулер жүргізу керек. Ал орыс микробиологы, Н.Ф.Гамалеи атындағы орталықтың директоры Александр Гинцбургтің айтуынша, «Спутник V» вакцинасының «үнді» штамын тоқтатуға мүмкіндігі бар. Бірақ ол үшін вакцина салу шарасын жеделдету керек. «Олай болмаса, коронавирустың жаңа штамы тез тарап, басқа түрге еніп, жаңа бір аурудың түріне айналып кетуі мүмкін», — дейді Гинцбург.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Елордада LRT құрылысы қайта жандана бастады ма: Компания жауабы

Елордада LRT құрылысы қайта жандана бастады ма: Компания жауабы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жұмыс берушілер колледж мамандарына риза емес

Жұмыс берушілер колледж мамандарына риза емес

8 месяцев ago
Қазақстанда мүгедектерге төленетін жәрдемақының орташа мөлшері — 48 701 теңге

Қазақстанда мүгедектерге төленетін жәрдемақының орташа мөлшері — 48 701 теңге

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In