• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістан облысы бюджетіне жыл басынан бері 122 млрд теңгеден астам кіріс түсті

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Түркістан облысы бюджетіне жыл басынан бері 122 млрд теңгеден астам  кіріс түсті
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 5 айында мемлекеттік бюджет жоспарын 103,5% орындаған. Жоспар 118 млрд 782 млн теңге болса, нақты түсім 122 млрд 960 млн теңгені құраған.

Кірістердің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34 млрд 101 млн теңгеге артық болған.

Аталған департамент басшысының орынбасары Еркін Елшібековтың айтуынша, саланы цифрландыру бойынша Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 44 қызметтің 38 түрін электронды әдісте алу мүмкіндігі қарастырылған.

«Облыс бойынша 2021 жылғы 5 айдың қорытындысымен 529 039 қызмет көрсетілген. Оның 77%-ы электронды түрде көрсетілсе, 23%-ы қағаз түрінде көрсетілген. Бұл ретте қағаз жүзінде көрсетілген қызметтердің басым бөлігін электронды түрде алу мүмкіндігі қарастырылмаған. Нақтырақ айтқанда: көлік құралдарына арналған кедендік декларация – 117 883, жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау – 629. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін облыстың 16 аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармалары мен 7 кеден бекетінде жұмыс істейтін қызмет көрсету орталықтары үнемі Департамент тарапынан қатаң бақылауда. Қызмет алуға барынша қолайлы жағдай жасау бағытында тұрақты түрде жұмыс істеп жатырмыз», — деді Еркін Кеңесбекұлы.

Мемлекеттік кірістер органдары өз құзіреті шеңберінде тұрақты түрде бақылау жұмыстарын да жүзеге асырады. Бұл бағытта тәуекелдерді басқару жүйесі тиімді қолданылуда. Мәселен, электронды шот-фактура жазып беруді шектеу пилоттық жобасы аясында тәуекелі жоғары 312 салық төлеушіге хабарламалар шығып, нәтижесінде 139 салық төлеушінің электронды шот-фактура жазып беруіне шектеу қойылумен қатар, 1 млрд 259,4 млн теңге қосымша кіріс өндірілген.

Сондай-ақ, облыстағы кеден бекеттерінде 2021 жылдың 5 айында 12 709 тауарға арналған декларация — тәуекел бейіндері жүйесінің бағалауынан өткізіліп, 751 кедендік тексеріс жүргізілген. Жүргізілген кедендік тексеріп қарау нәтижелерінде 671 кеден заңнамаларының бұзылу фактілері анықталып, тиімділік көрсеткіші 89,3% құраған.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Спутник V» вакцинасын жүкті әйелдерге қолдану нұсқаулығы жарияланды

«Спутник V» вакцинасын жүкті әйелдерге қолдану нұсқаулығы жарияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Темекі бұйымдарын жасырып алып өтпек болған

Темекі бұйымдарын жасырып алып өтпек болған

1 год ago
Шымкентте үйінде қайтыс болған тұрғынның мәйітін ашыққан иті жей бастаған

Шымкентте үйінде қайтыс болған тұрғынның мәйітін ашыққан иті жей бастаған

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In