20 маусымда Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан жеті адам қаза тапты деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты Созақ ауданының Екпінді — Бірлік автожолында орын алып, Lada Priora және Volkswagen Golf екі жеңіл көлігі соқтығысқан. Жол апатынан екі жүргізуші мен бес жолаушы оқиға орнында көз жұмып, тағы бір жолаушы аудандық аурухананың реанимациясына жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 4 бөліміндегі «абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» деп аталатын 345-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Оқиға орнында криминалистер, анықтаушылар және ӨКМ жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.