• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Өскеменде «иттер патрулі» пайда болды

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Өскеменде «иттер патрулі» пайда болды
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өскеменде жағажай қауіпсіздігіне қызметтік иттер тартылды деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Салпаңқұлақтарды төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жағажайларға алып шығып, құтқару қызметіне пайдаланады. Өйткені шомылу маусымы басталғалы қайғылы жағдай жиілей түскен. Алеся, Вильсон және Хит есімді иттер енді жағажайларда қауіпсіздікті қадағалайды. Олар кинолог-серіктерімен бірге демалыс орнында жүрген тұрғындарға жадынамалар таратып, сақтық шараларын қаперге салады. Салпаңқұлақтар тіпті суға батып бара жатқан адамдарды құтқара алады. Оларға арнайы жилет тігілген. Аймақта шомылу маусымы басталғанына көп болмаса да, қайғылы жағдайлар тіркеліп үлгерген. Мамандар жедел әрекет етуге иттердің маңызы зор екенін айтып отыр.

«Облыста биыл 10 адам суға батып кетті. Оның ішінде бесеуі – балалар. Адамдардың көбісі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Ал балалар қараусыз қалып қойып жатады. Салдарынан осындай қайғылы жайттар болды. Құтқару қызметіне иттер тартылды. Олар өз көмегін тигізеді деп ойлаймын», – дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Жағажайларда әзірге 5 ит қызмет етеді. Олар ауысыммен күзетеді. Ақылды жануарлар бұған дейін де талай шұғыл жағдайларға пайдаланылды. Сондықтан жаңа міндетті де мүлтіксіз атқаратынына сенімді құтқарушылар. Тұрғындар рұқсат етілмеген жерлерге шомылуға құмар. Аптап ыстықта көпшілігі ескертуді елей қоймайды.

«Қызыл жарты ай» қоғамы тынығушыларды алғашқы медциналық көмек көрсету әдісін үйренуге шақырып, білек сыбанды. Өйткені адам өмірін арашалау кезінде уақыт жоғалтуға мүлде болмайды.

«Көп жағдайлар болады, адамдар адамды судан алып шығады. Бірақ ары қарай қандай көмек көрсету керектігін білмейді. Сондықтан адамдар судан алып шыққаннан кейін қандай жағдай жасау керек екендігін білу үшін барлығын үйретуді мақсат еттік», – дейді «Қызыл жарты ай» қоғамы ШҚОФ директоры.

Өңірде 2 мыңнан астам су қоймасы бар. Соның 16-сына ғана шомылуға рұқсат етілген. «Өзге орындарға барып демалу, тәуекелге бел буғанмен бірдей», – дейді мамандар.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Бірыңғай кеңістік құрылады: білім министрлері Аймағамбетовтің идеясын қолдады

Бірыңғай кеңістік құрылады: білім министрлері Аймағамбетовтің идеясын қолдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда пәтер бағасы қаншаға қымбаттады?

Қазақстанда пәтер бағасы қаншаға қымбаттады?

4 года ago
Наурыз айында 11 мыңға тарта ресейлік азамат Қазақстан ЖСН-ін алды

Наурыз айында 11 мыңға тарта ресейлік азамат Қазақстан ЖСН-ін алды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In