• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Өзіміз өсірген бидайдың пайдасын көре алмай отырмыз – Мәжіліс депутаты

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Өзіміз өсірген бидайдың пайдасын көре алмай отырмыз – Мәжіліс депутаты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Айбек Паяев астық экспортына байланысты Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Сауда министрлеріне сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің ауылшаруашылық өнімдерінің көп бөлігі экспортқа бағытталған. Солардың бірі — қазақстандық ұн. Біздің ұн — әлемде беделі бар, сапасына сұранысы көп, жақсы бренд. Ұн экспорты бойынша әлемде бірінші орында көш бастап келген Қазақстан, қазірде Түркиядан кейінгі екінші орында. Бүкіл халқымыз тұтынатын қазақстандық ұн Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Түрікменстанға, Қытайға және басқа да елдерге экспортталады. Қазіргі кезде қазақстандық ұнның негізгі импортері — Орталық Азия елдері. Бізден астықты сатып алып, оны өз диірмендерінде өндіргілері келеді. Өзбекстан ұн тарту саласын дамытып, диірменді кәсіпорындар салды. Қазақстаннан баратын бидайға қосымша құн салығын алып тастады. Ал ұнға, керісінше, баж салығын қосты. Өздерінің ұн тасымалдаушыларына теміржол тасымалының ставкасын жеңілдетті (өздеріне 20$, бізге 54$). Бидайымыздан ұн шығарып, онымен тек ішкі нарығын қамтып қоймай, біздің ұнымызды сатып алатын Ауғанстанның да нарығын ұнмен қамтамасыз етуге көшті», — деді А. Паяев.

Оның пайымынша, Қазақстанның ұн өндіру саласы мемлекеттік қолдау мен дамытуды қажет етеді. 2000-жылдары 2300 ұн өндіретін компания болса, содан қалған 300-ге жуық диірмендердің 50% банкротқа ұшырап, тоқтап қалған, жұмыс орындары қысқарып, жабылып жатыр.

«Астық тасымалдаушы теміржол операторларының тасымал жүйесін үздіксіз қамтамасыз ете алмауы себебінен, тасымал тарифтерін негізсіз көтеру салдарынан еліміздегі барлық диірмен кәсіпкерлері зардап шегіп, бизнестер құрдымға кетіп жатыр. Мысалы, қазақстандық ұнның 50% өндіріп отырған Шымкент қаласы мен Түркістан облысының диірменді кәсіпорындары жыл сайын келісімшарт бойынша астықты солтүстік өңірлерден жеткізе алмай қиналады. Бұл жағдайға себепкер — астықты темір жолмен тасымалдаушы «АстықТранс» АҚ компаниясы. Өзіміз бидай өсіріп отырып, астық тапшылығын көрудеміз. Трейдерлер күзде диқандардан бидайды сатып алып, шетелдерге сатып жатыр. Ал, ұн тартатын диірмендер шикізатқа зәру болып отыр. Бұл жағдай да өндірістің құлдырауына әкеледі», — деді депутат.

«Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Үкімет Қазақстанның ұн тартушы диірмен кәсіпорындарын дамыту мақсатында осы жүйенің тиімділігін және сапасын арттыратын қандай кешенді шаралар жүргізіп отыр? Мемлекет тарапынан пайыздық мөлшерлемесі аз несие беру, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді (энергия, су, газ) төмен бағамен беру мәселесі қалай шешілуде?», — деді ол.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында 30-дан аса жүк көлігі діттеген жеріне жете алмай тұр

Жамбыл облысында 30-дан аса жүк көлігі діттеген жеріне жете алмай тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Халықтан бас иіп кешірім сұраймын»: Әбілхан Аманқұлдың бапкері  жеңілісті түсіндірді

«Халықтан бас иіп кешірім сұраймын»: Әбілхан Аманқұлдың бапкері жеңілісті түсіндірді

4 года ago
Қазақстан мен Австрия стандарттау жөніндегі келісімге қол қойды

Қазақстан мен Австрия стандарттау жөніндегі келісімге қол қойды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In