• RU
Пятница, 27 ноября, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Су саласын цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады

Іс-шараға Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич, Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Мартин ван Бюрен, сондай-ақ Құрылтай депутаттары Айжан Сқақова, Арман Хайруллин және Шынасыл Ерназар қатысты.

by Jasyn
27/11/2026
in Топ
0
Су саласын цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Дөңгелек үстелді «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігімен және Германияның Халықаралық ынтымақтастық қоғамымен (GIZ) бірлесіп, Chevron және Caravan of Knowledge ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырды.

 

Жиынға Су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы және Энергетика министрліктерінің өкілдері, Еуразиялық даму банкі, PowerChina корпорациясы, Францияның Даму агенттігі (AFD), Германияның Халықаралық ынтымақтастық қоғамы, халықаралық сараптамалық ұйымдар, технологиялық компаниялар мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Қатысушылар су саясаты саласындағы мемлекеттік басымдықтарды, бассейндік жоспарларды іске асыруды, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуды және салаға инвестиция тартуды талқылады.

 

Сондай-ақ су саласын цифрлық трансформациялауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін дамыту, цифрлық мониторинг пен болжам жасау, ақпараттық жүйелерді интеграциялау және су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды қолдану мәселелері қаралды.

 

Дөңгелек үстел аясында ынтымақтастық туралы меморандумдармен алмасу рәсімі де өтті. Құжаттар су ресурстарын басқару саласындағы әріптестікті нығайтуға және өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.

 

«Бүгінгі дөңгелек үстел өзара тығыз байланысты екі бағытты – стратегиялық жоспарлау мен цифрландыруды біріктіріп отыр. Біз оларды су ресурстарын басқарудың біртұтас жүйесінің құрамдас бөліктері ретінде қарастырамыз. Жоспарлау құжаттарын әзірлеуден оларды іс жүзінде қолдануға көшуіміз қажет. Бассейндік жоспарлар су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту басымдықтарын айқындауға, су ресурстарын ұтымды бөлуге және су тапшылығы тәуекелдерінің алдын алуға негіз болуы тиіс. Ал цифрландыру нақты нәтижеге бағытталуы керек. Бұл – суды дәл есепке алу, сапалы болжам жасау, ықтимал тәуекелдерді уақытылы анықтау және су шаруашылығы шараларын негізделген жоспарлау»,

– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Tags: Нұржан НұржігітовСу ресурстарысу саласы
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Халықтың әлеуметтік жағдайына оң ықпал етпек

Халықтың әлеуметтік жағдайына оң ықпал етпек

1 год ago
12,9 мың азамат жұмысқа орналасты,  оның 4,2 мыңы жастар

12,9 мың азамат жұмысқа орналасты, оның 4,2 мыңы жастар

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In