• RU
Среда, 21 октября, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Министрлік пен университет ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды

Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа қол қою рәсіміне ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов пен ҚазҰУ басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев қатысты.

by Jasyn
21/10/2026
in Топ
0
Министрлік пен университет ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Меморандум ғылыми-технологиялық, білім беру және сараптамалық әлеуетті біріктіру арқылы Қазақстанның су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, су ресурстарын ұтымды пайдалануға және су шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған.
Негізгі ынтымақтастық бағыттарына су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыру және іске асыру, кадрлар даярлау, өндірістік практика мен тағылымдамаларды ұйымдастыру, ақпаратпен, деректермен және тәжірибемен алмасу, сондай-ақ бірлескен тренингтер, семинарлар мен ғылыми мектептер өткізу кіреді.
Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Құжатқа ҚазҰУ басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев пен Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығының басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла қол қойды.
Келісім ұлттық гидрологиялық болжау жүйесін дамыту және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан аумағында су тасқыны мен құрғақшылыққа дайындық деңгейін арттыру үшін ғылыми және технологиялық әлеуетті біріктіруге бағытталған.
Атап айтқанда, құжатта TALSIM-NG гидрологиялық моделін және Delft-FEWS платформасын Farabi суперкомпьютерлік орталығының есептеу қуаттарын пайдалана отырып іске қосу, бейімдеу және сүйемелдеу көзделген. Сондай-ақ су басу мен құрғақшылықты болжау әдістерін жетілдіру, оның ішінде қысқа, орта және маусымдық мерзімдерге арналған болжамдар әзірлеу қарастырылған.
Бұдан бөлек, республика өзендері мен су нысандарында бірлескен далалық зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу, Farabi суперкомпьютерлік орталығының есептеу қуаттарын пайдалана отырып, су нысандарының цифрлық егіздерін жасау және дамыту, сондай-ақ гранттық және донорлық қаржыландыруды тарту арқылы бірлескен ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды іске асыру жоспарланған.
ҚазҰУ-ға сапары барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов университеттің инновациялық инфрақұрылымымен танысты. Атап айтқанда, Farabi суперкомпьютерлік орталығын, жоғары технологиялық жобалар мен стартаптарды дамытуға арналған Farabi HUB платформасын, сондай-ақ қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану жөніндегі Қазақстан-Қытай зертханасын аралады.
Сондай-ақ ведомство басшысы ҚазҰУ студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, су ресурстарын сақтаудың маңызы туралы айтты.
«Су қауіпсіздігі – жекелеген саланың ғана мәселесі емес. Бұл – елдің дамуы мен азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей қатысты мәселе. Біз су экожүйелерін сақтауды, төтенше жағдайлардың алдын алуды және алдағы жылдарға арналған сенімді басқару жүйесін қалыптастыруды қатар жүзеге асыруымыз керек.
Сондықтан бүгін қол қойылған құжаттар – жай ғана келісімдер емес. Олар нақты жұмыс бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, суды тазарту және қайта пайдалану, трансшекаралық су ресурстары, сондай-ақ құрғақшылық жағдайындағы су, энергетика, азық-түлік және экожүйелер арасындағы өзара байланыс мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу көзделген.
Студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін бұл ынтымақтастық нақты мүмкіндіктерге жол ашады. Министрлік жыл сайын саланың өзекті міндеттеріне қатысты зерттеу тақырыптарын ұсынып, қажетті деректер мен материалдарды алуға жәрдемдеседі», – деді Нұржан Нұржігітов.

Tags: ҚазҰУ Жансейіт ТүймебаевСу ресурстары
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Первые пробные онлайн для МКШ запустили в Актюбинской области

Первые пробные онлайн для МКШ запустили в Актюбинской области

3 года ago
Сара Назарбаева әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия құрамынан шығарылды

Сара Назарбаева әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия құрамынан шығарылды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In