• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Министр: Қазақстанда сәбіз тапшылығы болуы мүмкін

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Министр: Қазақстанда сәбіз тапшылығы болуы мүмкін
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде сәбіз тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында сөз сөйлеген сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сәбіз бойынша картоптан да қиын жағдай қалыптасты. Қазіргі уақытта отандық өнім қоры жыл басымен салыстырғанда бес есе төмендеді. Бұл ретте жыл сайын Қазақстанда сәбіз өндірісінің жетіспеушілігі байқалады, бұл қажеттіліктің 5-6 пайызы», — дейді сауда министрі. Оның айтуынша, негізгі тапшылық сәуірден шілдеге дейінгі кезеңге келеді, оны Қазақстан Өзбекстаннан қымбат импорт есебінен толтыруға мәжбүр.

«Бұл ретте Өзбекстанда да сәбіз бағасы жыл басынан бері 55%-ға өсті. Сәбіз бойынша өңірлер де қорлардың жеткілікті көлемін қалыптастырған жоқ – тұрақтандыру қорларында бар болғаны 258 тонна сақталуда. Сәбіз бойынша форвардтық сатып алу қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 5,7 мың тоннаны құрайды, оның 73%-ы тек Алматы қаласына тиесілі», — дейді Бақыт Сұлтанов.

Айта кетейік, соңғы аптада елімізде картоп бағасы күрт қымбаттап, 1 келісі 400 теңгеден сатылып жатқаны белгілі болған еді.

Мәселен, осыдан бір апта бұрын келісі 250-270 теңге тұрған картоп Атырау мен Ақтөбеде 400 теңгеден сатылып жатса, Семейде сәбіздің құны келісіне 500 теңгеге өскен.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қоймаларынан картоптың 1 келісін 200 теңгеден сатып жатыр. Ал қалған 200 теңгені делдалдар немесе ірі сауда дүкендері өздері қосып отыр.

Jasyn

Jasyn

Next Post
«СК-Фармация» ісі: Сотта Жандарбек Бекшиннен жауап алынды

"СК-Фармация" ісі: Сотта Жандарбек Бекшиннен жауап алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ВИЧ-ті толық емдеу мүмкін болды: Ғалымдар жаңа препарат жасап шығарды

ВИЧ-ті толық емдеу мүмкін болды: Ғалымдар жаңа препарат жасап шығарды

4 года ago
Тұрсынбек Қабатовтың жары әншілікке бет бұрды

Тұрсынбек Қабатовтың жары әншілікке бет бұрды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In